Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданындағы ауылдарда заманауи су мұнарасы орнатылып жатыр

Зайсан ауданының ауылдарында көптен күткен су мұнаралары мен блок-модульді станциялары орнатылды. Жақын арада тұрғындар тұщы судың рақатын көретін болады. Осы уақытқа дейін тіршілік нәрінен таршылық көрген ауыл адамдарының қуанышында шек жоқ

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан ауданындағы ауылдарда заманауи су мұнарасы орнатылып жатыр
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

2021-2024 жылдары алты елді мекенде су құбыры желілерін жөндеу жоспарланған. Биыл Біржан, Қарабұлақ, Көгедай, Саржыра ауылдарының ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Саржыра ауылына су мұнарасы орнатылып, Аққойын, Сәтбай, Дауал, Какенталды және Қабырғатал елді мекендеріне блок-модульді станциялары орнатылды. Нәтижесінде ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау 93,9 пайызға жетті. Яғни, Зайсан ауданы бойынша 33 елді мекен болса, соның 31-і ауызсумен қамтылып отыр.

Кеңсай ауылдық округі төрт ауылдан тұрады: Кеңсай, Жарсу, Бақасу, Саржыра ауылдары. Су мәселесі бұл ауылдарда өзекті. Дәл осы елді мекендер үшін тіршілік нәрі маңызды еді. Ауызсуға тарығып жүрген елді мекен болатын. Енді бұл мәселе де өз шешімін тауып отыр. Бұл ауылда негізінен ауыз су бар, десе де қазіргі заманға сай үйге тартып кіргізуге мүмкіндіктері болмаған. Енді, міне, атқарушы биліктің ықпалымен күрмеулі мәселе шешімін тауып отыр. Саржыра ауылының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Су мұнарасы да орнатылды. Халық игілігіне жарасын демекпіз, - дейді Кеңсай ауылдық округінің әкімі Асылан Смаилов.

Ауыл тұрғындарын қуантқан бұл игілікті іске қазір тұрғындар риза. Су құбырын жаңғырту жұмысына жергілікті бюджеттен 6,5 миллион теңге бөлінген. Ауызсуды үздіксіз беру үшін қос резервуар, су мұнарасы орнатылды. Су құбырының ұзындығы - 7 метр. Енді ауылдықтар тәулігіне 12 текше метрге дейін су алатын болады. Су құбырын қайта жөндеу жұмысын "Зайсан" ККМК жүргізді. Жоба аясында көтерме су сорғы ғимараты мен резервуар жаңартылып, 7 метрлік су айдау мұнарасы мен су жолы құрылысы салынуда. Көптен бері ауыз судың азабын тартып келген ауылдағы ағайын енді толықтай орталықтандырылған сапалы сумен қамтамасыз етілмек. Ауылда 58 үй мен 285-тен астам тұрғын бар. Ауызсу құбыр арқылы тұрғын үйлерге, мектепке, амбулаторияға, мәдениет үйіне, әкімдікке жеткізіледі.

Су құбыры қашан тартылар деп күтіп жүрдік. Ауылда бұрыннан жұмыс істеп тұрған ұңғымалар бар. Содан суды тасып алып жүрдік. Десе де қазір заманға сай суды тасымай, үй ішіне тартылғаны ыңғайлы ғой. Енді біраз жұмысымыз жеңілдейтін болды. Су қоры мол, сапасы жақсы болса болды, - дейді Саржыра ауылының тұрғыны Зейнеп Айтпаева. 

Айта кету қажет, келешекте Қайнар және Шалқар ауылдарында да су құбыры құрылысы жүргізілмек.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Зайсан Ауыз су