Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімде көпбалалы отбасыларға баспана кілттерін берді

Күршім ауданының Ақсуат ауылында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтерлердің кілті табыс-талды. Салтанатты шараға "МузАрт" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов арнайы келіп, шара соңы мерекелік концертке ұласты

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршімде көпбалалы отбасыларға баспана кілттерін берді
Фото:
Күршім ауданы әкімдігінен

"Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында өңірімізде көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар үшін жаңа баспаналардың салынып жатқандығы белгілі. Аталмыш бағдарлама аясында ауданы 2160 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер Күршім ауданының Күршім, Марқакөл, Ақсуат ауылдарында салынған. Алғашқы болып Ақсуат ауылындағы 2 пәтерлі екі үйдің кілті төрт отбасыға табысталды. Ақсуат ауылында еліміздің демографиясының дамуына зор үлес қосып жүрген көпбалалы аналардың арманы орындалып, жылдар бойы күткен жылы ұяның кілті табысталды. Көпбалалы Айнұр Қалматаева, Зарина Абаужунусова, Ләззат Құнапиева ауылдың кіре берісінен орын тепкен жаңа үйлердің иесі атанды. Бұл "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерде барлық жағдай жасалған.

Баспаналы болған көпбалалы аналардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі - Айнұр Қалматаева бұл үйді көптен бері күтіп жүргенін айтады. 5 баланы өмірге әкелген көпбалалы ана енді төрт бөлмелі үйде тұратын болады.

5 балам бар. Біріншіден, осы күнге жеткізген Аллаға рақмет. Екіншіден, аудан әкімі Дулат Қажановқа алғыс білдіремін. Айтылған уәденің бәрі уақытында орындалды. Міне, көптен күткен пәтеріміздің кілтін де алдық. Осы үйде тек қуанышты күндеріміз көп болғай, - дейді көпбалалы ана Айнұр Қалматаева.

Баспана кілттерін табыстау шарасы концертпен жалғасын тапты. Ауылдық клубта аудандық Қабдолда Тұраров атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары мен Ақсуат ауылының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Бұл салтанатты шараға "Муз-Арт" тобының әншісін шақыру тегін емес. Себебі бәріміз білетіндей, Кенжебек Жанәбілов 17 ағайынды, көпбалалы отбасында дүниеге келгені. Өзі де төрт баланың әкесі. Кенжебек Сочи паралимпиадасының жүлдегері әрі әнші, Ақсуаттың мақтанышы Айболат Құнапиевпен қосыла ән айтты.

Балықшы ауылдық округінің әл-ауқаты, жағдайы күннен күнге өсіп келеді. Ауылымызға талай жақсылық жасалып жатыр, әлі де алда жақсылықтар болады деп сенеміз, - дейді Айболат Құнапиев.

Следующая →