Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Театр артындағы үйді салып жатқандар уәдесінде тұрды ма?

Қазан айының соңында Өскемен қаласының Сәтпаев даңғылы, 55/6 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдегі пәтер иелері ғимараттың сапасына шағымданған (28.10.2021 ж. №43 санында "Қоныстанбаса да үйге ипотека төлеп отыр" мақаласында жарияланды)

Усть-Каменогорск и ВКО / Театр артындағы үйді салып жатқандар уәдесінде тұрды ма?

Аймақ әкімі Даниал Ахметов пен облыстық құрылыс және архитектура басқармасының бастығы Сүлейменовке ашық хат жолдаған тоқсан алты адам өңірлік БАҚ өкілдерінің барлығын жинап, мердігер компанияның өкілдерін шақыртып, кездесу ұйымдастырды.

Артынша белгілі болғандай, аталмыш мекенжайдағы тұрғын үйдің пәтерлері сатылымға шыққан кезде біраз адам қолма-қол қаражатқа, енді біреулері ипотекаға сатып алған. Алайда ғимараттың құрылыс жұмыстары әлі толық бітпеген болып шықты. Пәтерлерге судың, жарықтың, жылудың қосылмағаны аздай, кейбіреуінің едені мен төбесі жабылмаған, бір-екеуінің әйнек терезесінде жарықшақ сызаттар да пайда болған.

Бірақ "DEVELOPMENT GROUP" ЖШС директорының орынбасары Дамир Қалижанов алдағы екі аптада барлық олқылықтардың орны толтырылып, қателіктер түзеледі деп уәде берген болатын. Нәтижесін білу үшін өткен аптада Сәтпаев даңғылы, 55/6 үйдің МҮБ (мүлік иелерінің бірлестігі) төрағасына қоңырау шалдық.

Қазір бәрі жақсы. Бұрын жарық пен жылу, су жоқ болғандықтан кіре алмай жүрген тұрғындар келіп қоныстанып жатыр. Кімнің пәтерінде қандай мәселе болды, түгелін жөндеп, жаңартып берді. Ризамыз. Сіздерге де көп рахмет жағдайды бақылауда ұстап, нәтижесін сұрап-біліп жатқандарыңыз үшін, - деді Ратхум Мұхамеджанов.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Өскемен ЖМК