Өскемен
малооблачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +32°
$
452.92
+2.13
484.99
+2.78
¥
62.42
+0.28
5.12
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне құнан бәйге, қыз қуу ұйымдастырылды

Күзгі жиын-терім аяқталысымен Күршім мен Бесқарағай аудандары ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтті. Мерекеге орай ат шаптырып, қыз қуу ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне құнан бәйге, қыз қуу ұйымдастырылды
Фото:
Бесқарағай ауданы әкімдігінен

Еліміз бойынша күзгі жиын-терін жиылып, шөп шабылып, ауылдағы шаруаның қысқа қамданғанын білеміз. Егістік алқаптарында еңбектенетін, мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың еңбегі жоғары бағаланған. Күзгі жиын-терім аяқталысымен Күршім мен Бесқарағай аудандары ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтті. Мерекеге орай ат шаптырып, қыз қуу ұйымдастырылды.

Сәлемді малдың аманды-ғымен бастайтын қазақ үшін ауыл қашан да берекенің бастауы. Ал бүгінгі күні халықтың әл-ауқаты мен өнім сапасының жақсы болуы - ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекет қолдауының арқасында жаңа деңгейге көтеріліп ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды.

Өткен жұмада Бесқарағай ауданы, Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылында және Күршім ауданы Қалжыр ауылында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ат спорты ойындарынан сайыс өткізілді. Ат жарысы көшпелі халықтың мәдени дәстүріне айналған негізгі ат ойындарының түрі әрі атбегілер мен шабандоздардың шеберлігін анықтайтын негізгі ойын. Қарағайлы ауылындағы ат жалын ұстап жүрген жасөспірім балалардың шеберлігін анықтау, ат спорты ойындарын насихаттау, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ауылдың белсенді азаматтарының, жергілікті қоғамдастық өкілдерінің бастамасымен спорттық шара өтті. Атап айтқанда 2,5 шақырымға "Құнан бәйге", "Қыз қуу" сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қарағайлы ауылының ат тізгінін ұстап жүрген жасөспірімдері қатысып, он шақты жүйріктерін бәйгеге қосты.

Бәйгенің қорытындысын шығарған әділқазылар алқасы бірінші орынды Арсен Балтабаевқа берді. Қыз қуу қорытындысы бойынша Нұргүл Шамсутдинова жүлдені жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, Баскөл ауылдық округі әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ат спорты ойындарын ұйымдастыруға ақшалай қаражатпен Қарағайлы ауы-лынан шыққан кәсіпкер азаматтарының бірегейі Аманай Сағынаев, "BA AgroGroup" ЖШС басшысы Азамат Аубакиров, ауылдың белсенді азаматтары, шаруа қожалықтарының басшылары демеушілік көрсеткен. Ат спорты ойындарымен қатар жиналған азаматтар арасында гір көтеруден, арқан тартудан сайыстар өткізіліп, барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, осы күні ауылдық округтің ауыл шаруашылығы саласына өз үлестерін қосып, бар өмірлерін туған ауылдарының өсіп-өнуіне арнап жүрген Қарағайлы ауылының бірқатар азаматтарына округ әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табыс етілді, - деп мәлімдеді Бесқарағай ауданы әкімдігі.

Ал Қалжыр ауылында бекітілген ережеге сай Күршім ауданының ғана сәйгүліктері қатысқан жарыстың қорытындысы бойынша 5 шақырымдық тай жарысында Ербол Ақсартовтың тайы топ жарды. 10 шақырымға жіберілген "жабылардан" Айдос Қонысбаевтың баптап отырған тұлпары жүлделі І орынды иеленсе, 15 шақырымды еңсерген бәйгеде Мерхат Бүйрекбаевтің сәйгүлігі мәре сызығын алғашқы болып кесіп өтті.

Алға қойылған міндеттер ауқымды. Оның қатарында, егіс, суармалы алқаптардың көлемін ұлғайту, жерді иегруде тың технологияларды пайдалану және мал шаруашылығында жаңа бағыттарды ұстану бар. Аудандық мәдениет үйінде өткен шара барысында ауыл шаруашылығының үздіктері де марапатталды. Аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табыс етілген, - дейді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің орынбасары Сымбат Дуйсенгазин.

Следующая →