Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери бөлімнің құрылған күніне орай салтанатты сап түзеді

Аягөз гарнизонына қарасты әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің жеке құрамы тарих пен дәстүрді ұмытпай әскери бөлімнің құрылған күнін салтанатты сапқа тұрып атап өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскери бөлімнің құрылған күніне орай салтанатты сап түзеді
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, салтанатты жиынға бөлім ардагерлері мен басшылық құрамы қатысты. Сап түзеуде бөлім командирі полковник Таир Жұматаев мерекелік күнге арналған жеке құрамды көтермелеу жайлы бұйрықты жеткізіп, әскери қызметшілерді айтулы күнмен құттықтады.

Әскери тәртіп пен ұрысқа әзірлікті жетілдіруге қосқан үлестері және қызметтік міндеттерін атқаруда белсенділік танытқандығы үшін бір топ офицерлер мен сержанттар алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінгі таңда аталмыш әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді ұстана отырып, жауынгерлік әзірлікті ұдайы шыңдап, қырағылықпен жауынгерлік міндеттерін атқарып, бейбіт ел аспанының тыныштығын күзетуде.

Бүгін біз үшін өте ерекше күн. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасында мемлекетімізбен бірге есейіп, еліміздің әскерінің даму жолында сүбелі үлесін қосып келеді. Біздің әскери қызметкерлерде өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен орындауда. Олардың арасында үздік қызметімен көзге түсіп жүргендер де баршылық. Бөлім жеке құрамын бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, әрі қарай табысты еңбек тілеймін, – деді полковник Таир Жұматаев.

Следующая →