Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде оқушыларды мектепке тегін тасымалдау тоқтатылды

Семей әкімі Бақытжан Баяхметовтің "оқушыларды тұрақты түрде тегін автобустар мектепке тасымалдайды" деген уәдесі бір айға ғана жетті

Усть-Каменогорск и ВКО / Семейде оқушыларды мектепке тегін тасымалдау тоқтатылды
Фото:
Семей қаласы әкімдігінен

Семейдегі қоғамдық көліктердің проблемасы әлі шешілмеді. Жылдарға созылған бұл мәселенің салдарынан адамдар жұмыстарына, оқушылар мен студенттер сабақтарына кешігуде. Әсіресе қас қарайған шақта, күздің қытымыр суығы мен қыстың қақаған аязында кәмелеттік жасқа толмаған балалар аялдамада аңырап тұруға мәжбүр.

Негізі биылғы тамыз кеңесінде Семей қаласының әкімі бүкіл республикаға жайылған жағымды жаңалықты жариялаған еді.

Қалада автобус мәселесі шешілуде. 1 қыркүйекте қосымша 45 автобус шығарамыз, оның ішінде 25 автобус 17 бағыт бойынша балаларды мектепке тасымалдау үшін шығады. Бұрын бізде осындай алты автобус болған. Енді барлық мектептердің балалары тегін автобустармен қамтылады. Ертеңнен бас-тап автобустар маршруттарға шығады. Бұл тұрақты түрде болады, - деген еді сол кезде Бақытжан Байахметов.

Алайда Семей әкімі айтып өткен тұрақты түрдегі автобус қатынасы 1,5 айға ғана созылды. Оқушыларды "СемАвтопарк" ЖШС ұсынған 25 автобус тегін тасымалдаған еді.

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қаланың Водный, Восточный, Восточные дачи, Юность, Комсомол кенті, Энергетик, Қарағайлы, Бобровка, Красный Кордон, Дальняя, Силикатный, Затон, Северный сияқты алыс ықшам аудандарынан 5448 оқушыны мектепке апарып-әкелу үшін қосымша автобустар шықты, - дейді Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко. - 2021 жылдың 18 қазанынан бастап оқушыларды тегін тасымалдау тоқтатылды.

Осылайша, ата-аналардың бала өмірі мен денсаулығына деген уайымдары қайта бас-талды. Себебі түстен кейін оқитын мектеп оқушылары сабақтан тым кеш шығады. Ал ол кезде Семейдегі автобустар тоқтап қалады екен.

Мектептерде автобустар іске қосылғанда бір қуандық. Барлығы өте ыңғайлы ойластырылып, ұйымдастырылды. Мен сабақтан кешкі 19.00-де шығатын балаларым үйге қалай жетеді деп алаңдамадым. Енді, міне, автобустар жүрмейтін болды. Оның себебі "бюджетте ақша жоқтықтан" дейді. Сонда қаламызда автобустар сағат 19.00-де тоқтаса, балалар үйге қалай қайтады? - дейді Семей қаласының тұрғыны Наталья Измайлова.

Білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко автобустар қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты шығарылғандығын, жағдай түзелген соң тоқтатылғанын айтты.

Оқушыларды қосымша тасымалдау эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты тоқтатылды. Ата-аналарға осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп қосты Наталья Анатольевна.

Қазіргі уақытта Семей қаласындағы 66 мектептің 21 мектебінде 1423 бала, оның ішінде 756 көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тегін тасымалданады. Алдағы уақытта өзге оқушылардың тасымалы қайта бастала ма, жоқ па - бұл енді белгісіз.

Следующая →