Бесқарағайлықтарға көкөністі арзан бағада сатады
Бесқарағай ауданында тұрғындарды көкөніспен қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылды
Аудан басшысы Жарқынбек Байсабыров Глуховка ауылдық округінің аумағында орналасқан өсімдік шаруашылығымен айналысатын "Стелла", "Семей" шаруа қожалықтарының басшыларымен келісіп, арнайы меморандумға қол қойған.
Бұл меморандум тұрақтандыру қорынан қысқы мерзімде халықты картоп, пияз, қырыққабат, қызылша өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған, - деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Жарқынбек Борашұлы.
Енді тұрғындар алдағы жылдың сәуір айының 10-ына дейін көкөністерді нарықтағы бағадан 20%-ға төмен бағамен сатып ала алады.