Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауылдарға да талапқа сай жаттығу залдары керек

Үржар ауданына қарасты Барқытбел ауылында жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен айналысуына жағдай жасайтын спорт нысаны ашылмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Ауылдарға да талапқа сай жаттығу залдары керек
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Бұл туралы Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов мәлімдеді.

Барқытбел ауылы тұрғындарының сұрауы бойынша ауылдағы ескі ғимаратты спорт орнына айналдыру бағытын қарадым. Жобалық-сметалық құжат жасау мақсатында орынбасарым Дидар Хамитовқа тапсырмалар бердім, - деген еді ол.

Анықталғандай, ауыл оқушылары 3-4 жыл бұрын кеңес үкіметі кезінен келе жатқан ескі мектепте білім алған. Ол кезде ескі мектепте спорт залы болмағандықтан бөлек тұрған ғимаратты балаларға спортпен айналысу үшін берген. Ал жақында бой көтерген жаңа мектеп ішінде спорт залы бар. Енді ескі ғимарат бос қалып, жергілікті әкімдік балансына өткен.

Ауылда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған орындар жоқ. Сондықтан да осы ескі ғимаратты кәдеге жаратып, спорт үйірмелері бар орынға айналдырсақ деп аудандық әкімдікке өтініш бергенбіз, - дейді Барқытбел ауылдық округі әкімдігіндегілер.

Аудан әкімінің орынбасары Дидар Хамитов қазіргі уақытта ауыл әкімі бұл нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірлеп жатқанын айтады.

Халық сұраған соң, өтінішін міндетті түрде орындаймыз. ЖСҚ дайын болған соң бюджеттен қаржы қарастырамыз. Барлығы алдағы уақыт еншісінде, - дейді Дидар Дәулетханұлы.

Осы орайда айта кетейік, Тарбағатай ауданындағы Қызылкесік ауылында Би Боранбай атындағы орта мектептен бокс залы ашылды.

Кеңес кезеңінде ұзақ жылдар колхозда еңбек еткен Ғаббасұлы Қалкеш ақсақалдың ұрпақтары құны 7 миллион теңге қаржылай демеушілік жасап, ауылдағы Би Боранбай атындағы орта мектептен бокс залын ашып берді. Жанұядағы тоғыз баланың бірі Асқар Қалкешұлы мектепте бос тұрған залды жөндеп, қалпына келтірген.

Ішіне жаттығуға керек-жарақ құрылғылардың барлығын орнатты. Бокс үйірмесі мұнда бұрыннан болса да, талапқа сай жаттығу залының жетіспеушілігі көптен бері сезілетін. Ал негізінде Қызылкесікте волейбол, тағы басқа спорт түрлері жақсы дамыған. Лайықты жағдай болмаған соң былғары қолғап шеберлерін дайындау жағы аздап кенжелеп қалғаны да рас еді. Енді, міне, сол олқылықтың орны толып, ауылдан да болашақ чемпиондар шығуына алғашқы баспалдақ қаланды. Ғаббасовтар әулеті әкеге құрмет жасай отырып, жергілікті жастардың шаршы алаңда шыңдалуына жол ашты, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Следующая →