Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Зайсанда 31 үй қолданысқа берілмек

Зайсан қаласыда "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынып жатқан 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Зайсанда 31 үй қолданысқа берілмек
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Зайсан қаласында былтыр мамыр айында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған. Құрылыс құны 580,116 миллион теңгені құрайды. Қолданысқа беру мерзімі ағымдағы жылдың қараша айына белгіленген. Бұл құрылыспен мердігер компания "СМУ-Шығыс" ЖШС айналысуда. "Нұрлы жер" бағдарламасының бір бағыты ретінде қарастырылып отырған жаңа үйлер әр түрлі санаттағы тұрғындарға арналған. Мұндағы басты міндет - коммуналдық даму бағдарламасы шеңберінде бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру көзделген. Жалпы, биыл Зайсан қаласында көпбалалы отбасыларға 67 пәтер берілді.

Бүгінгі күні құрылыс қарқыны белгіленген жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес орындалуда, ағымдағы жылдың қараша айында қолданысқа алу жоспарлануда. Қазіргі таңда жұмыстың 88%-ы бітті. Енді ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл Зайсан қаласында беріліп жатқан үйлердің алғашқысы емес. Бұған дейін де мемлекеттің әр түрлі бағдарламасымен, әр түрлі санаттағы отбасыларға үйлер берілген және ағымдағы жылда да беріледі. Атап айтсақ, былтыр "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында көпбалалы отбасына 18 пәтерлі 36 үй берілген, биыл 62 пәтерлі 31 үй қолданысқа берілмек. Ал келесі жылы 70 пәтерлі 35 үй беру жоспарда бар. Келесі жылы "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша үйлер салынады. Ол үш санатқа жататын отбасыларға беріледі: көпбалалы, жалғызбасты және мүгедек адамдарға, - дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Қонбаев.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Зайсан Тұрғын үй