Глубокое ауданында жатақханасы бар сүт фермасы салынуда
Алтай ауданында жылына 1000 бас сиырдан 6 000 тонна сүт өндіретін сүт-тауарлы ферманың құрылысы бас-талды. Жұмыстар 2025 жылы аяқталады
2020 жылы жобаның құжаттары әзірленсе, биыл малға арналған қоралар сатып алынды (бұрынғы сиыр қораларының 6 ғимараты, барлығы 93155 ш.м.) және оларды жөндеу бойынша жұмыстар басталды. Сондай-ақ, жемшөп дайындауға арналған орындар мен жұмыс ұжымына жатақхана дайындау бойынша жұмыстар басталды.
Менің тапсырмам бойынша сүтті мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында ағымдағы жылы Полянское ауылында 1000 басқа арналған СТФ құрылысы бойынша үлкен жобаны іске асыру басталды. Сиырлар тұратын қораларды қалпына келтіру және бұрынғы балабақша ғимаратын ферма қызметкерлерінің жатақханасын реконструкциялау бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сүт-тауар фермасын пайдалануға беру сүт өндірісін жылына 6500 тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Алтай ауданында етті мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы саласында перс- пективалы жобаларды іске асыру жоспарлануда, - деп атап өтті Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонұсов.
Жоспар бойынша 2022 жылы үш жаңа корпус (малға арналған қора) салынады. Бұрынғы балабақша ғимараты жұмысшылардың жатақханасы ретінде жөнделеді. Мұнда 12 пәтер болады деп жоспарлануда. 2022-2023 жылдары жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін жабдықты сатып алу және орнату, инженерлік құрылыстарды жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілмек.
Құрылыс жұмыстары аяқталып, ферма қажетті құралдармен жабдықталған соң, асыл тұқымды сиырлар сатып алынып, фермаға жұмысшылар алынады. Айта кету керек, барлық жұмыстарды "Восток - Агрохолдинг" АҚ өз қаражаты есебінен жүргізбек.