Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жарма ауданында 6 мешіт бой көтереді

Шығыс Қазақстан обылсы, Семей өңірі бойынша мешіт саны ең аз аудандардың бірі болған Жарма ауданында бір жылда 6 мешіттің құрылысы басталып, біреуі биыл ел игіліне табысталады

Усть-Каменогорск и ВКО / Жарма ауданында 6 мешіт бой көтереді
Фото:
Жарма аудандық мешітінен

Биыл Жарма ауданындағы Шар қаласы, Белтерек, Қаратөбе, Бірлік, Жарық, Жаңаөзен ауылдарында халықты тура жолға бастайтын, дәстүрлі ислам дінін дәріптейтін Алланың 6 үйі бой көтере бастады.

Ауданның бас имамы Тимур Қайдарұлы халықтың иман дәрежесін зерттеп, зерделеп, барлық мешіттердің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлейді.

Осыдан екі жыл дұрын Жарма ауданына Зайсан ауылынан ауысып келдім. Жарма өте үлкен, тоғыз жолдың торабында орналасқан, ауылшаруашылығы, өнеркәсібі дамыған аудан, халқының тұрмыстық жағдайы жақсы. Алайда ауданда 22 ауылдық округ болса да, небары 10 мешіт бар болатын. Оның 4-еуі Шар қаласына қарасты еді. Біз бірінші үлкен ауылдарды зерттедік. Ол жерлерде ислам дінін ұстанатын жамағат көп болып шықты. Мешітке деген сұраныс болды. Содан мешіттердің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлейтін мамандармен кездесіп, облыс әкімінің рұқсатын алып, ҚМДБ-ға құжаттарды өткізіп, ауылдың азаматтарына мешіт салуға ұсыныс жасай бастадық, - дейді Жарма ауданының бас имамы.

Шар қаласындағы 350 орындық мешітті қала тұрғыны кәсіпкер Қайрат деген азамат толықтай өз қаражатына тұрғызуда. Мешіттің құрылысы аяқталып, жөндеу жұмыстары ғана қалды. Белтерек ауылындағы 150 орындық мешіт ауылдың Алматы, Астана қалаларына көшіп кеткен белсенді тумаларының арқасында бой көтерді. Құрылысы ең соңғы басталған бұл мешттің ашылуы 22 қазан күні өтеді. Бірлік ауылындағы 150 орындық мешіттің құрылысын өз заманында елдің қамын жеген, ауылнай болған Құланбай бабаның ұрпақтары тұрғызуды қолға алды. Бұл мешітке осы азаматтың есімі беріледі. Жарық ауылында Дәулет Тұрлыхановтың ізбасарлары, ауылдың тумалары бірігіп, қаражат жинап 150 орындық мешіттің қабырғасын тұрғызып қойды. Жаңаөзен ауылындағы 200 орындық мешіт те ауыл белсенділерінің арқасында бой көтермек. Мұнда ауыл тұрғындары қосылып, 100 шақты ірі қара мал басын жинап, сатып, соның ақысына мешіт тұрғыза бастаған екен.

Ауданның бас имамы Тимур Қайдарұлы мешіт құрылысы жоспарланған кезде-ақ, мешітте қызмет ететін жандарды арнайы курстарға, медреселерге оқуға жіберіп, дайындық жұмыстарын жүргізіп қойды. Олардың ішінде Түркиядан, Алматының Ислам институттарынан білім алып келгендер де бар.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Жарма Мешіт