Иттердің халық санағына қатысы қанша?
2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтуде
Дәстүрлі халық санағы Күршім ауданында да жүргізіліп жатыр. Соған байланысты аудан әкімдігі интервьюерлердің үй аралауы кезінде тұрғындардан ауладағы иттерді байлап немесе қамап ұстауларын сұрайды.
Ескерту орындалмаған жағдайда әкімшілік кодекстің 408-бабы бойынша жаза барын да ескертеді.
Бұл негізінде дәп осы санақ кезіндегі, үй аралаушы интервьюерлерге ғана қатысты хабарландыру емес. Ауылдағы жалпы байлаусыз жүрген иттердің иелеріне қатысты дүние. Расымен де иттің иесі болса, байлап қоюы керек. Итпен бірге серуенге шықса да итке тұмылдырық тағып, қоршаған ортаға қауіп келтірмейтіндей ертіп жүру керек дегенді қоса айтамын, - деді Күршім ауылдық округінің әкімі Ерлан Нұрсоветов.
Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 408-бабының мәні: "ауыл шаруашылығы жануарларын жою қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу".