Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздегі гарнизонда қорытынды тексеру өткізілуде

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонында 2021 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес қорытынды тексеру басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөздегі гарнизонда қорытынды тексеру өткізілуде
Фото:
Аягөз ауданы әкімдігінен

Аталмыш шараның негізгі мақсаты гарнизондағы әскери бөлімдердің, взводтардың, роталардың, батальондардың жауынгерлік даярлық деңгейін, бөлімшелердің қойылған жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын жіті тексеру екенін мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында бөлімшелер мен оларды басқарудың үйлесімділігін бағалау болып табылады.

Айта кетейік, қорытынды тексеруде жеке құрам атыс, тактикалық, арнайы даярлық, дене және саптық даярлық бойынша кәсіби деңгейіне сәйкес бағаланады. Сондай-ақ, комиссия мүшелері қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, командирлердің жұмыс жүйесін ұйымдастыруын, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін тексеретін болады.

Әр оқу жылының соңында өткізілетін қорытынды тексеру үш кезеңде жүргізіледі. Тексеруді бөлім басқармаларынан бастап, батальондар мен роталардың және взводтардың жеке құрамы тапсырады. Әскери қызметшілер жауынгерлік техникаларды жүргізу және басқа оқу пәндері бойынша білімдерін бөлімнің тұрақты орналасу пункттерінде, далалық жаттығу полигонында өткізеді, - деді гарнизон бастығы подполковник Дәулет Сүттібаев.

Следующая →