Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сағат ауылының жолын жөндеу неге тиімсіз?

Өзі судың жағасында тұрса да ауызсуға жарымай келген Сағат ауылында биыл су құбырлары тартылып жатыр. Жұмыстар аяқталуға жақын қалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Сағат ауылының жолын жөндеу неге тиімсіз?
Фото:
Б. Тайжігіт ұсынды

Сасықкөлдің жағасына орналасқан, халқының саны 300-ден асатын шағын елді мекен 1997 жылдан бері Үржар ауданына қарайды, бүгінде Қарақол ауылдық округіне қосылған.

Шын мәнісінде бұл жерде балық ауланғанымен, оны өңдейтін, қабылдайтын бірде-бір кәсіпорын жоқ. Жергілікті жұрт балықты өздерінің күнкөрісі үшін ғана аулайды. Іргеңде ақ сазан шоршып жатса, аш қалу әлбетте, күнә. Сондықтан, "өзен жағалағанның өзегі талмайды" деген, жұрт көлден балық аулап талғажу етіп, кейбірі оны өткізіп нәпақа тауып отыр. Шамасы келгендер Алматы, Талдықорған облыстарындағы балық өңдейтін зауыттарға апаратын көрінеді.

Былтыр Сағат ауылында ауыз су жоқтығы туралы мәселе көтеріп, мақала жазғанбыз.

Бұл жерде ауызсу жоқ. Өйткені Үржар ауданы әкімшілігінің Сағатқа "Таза су" бағдарламасына сай су құбырын тартып беруге шамалары жетпей отыр, - деген еді Үржар ауданына танымал тілші Берікхан Тайжігіт. - Тек ауыл ортасында бір кездері мұнда "тіршілік көзі - су" болғанын айғақтайтын, кеңес дәуірінен қалған су мұнарасы тұр "мұңайып". Әсілі, билікке жұрт көзінен тасада "өз қотырын өздері қасып жатқан" мұндай ауылдың өркениеттен аулақ үні шықпай, жұртқа көрінбей жатқаны тиімді секілді. Оны айтасыз, сағаттықтар өздері шомылып, балық аулап, кір жуып жүрген көлінен су ішуге мәжбүр. Шамасы жеткендер ауызсуды округ орталығы Қарақол ауылынан алдырады.

Бұл өзі XXI ғасырда қайта рухани жаңғырып жатқан, 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына кіруге талпынып отырған біздер үшін тым ұят-ақ еді. Қуанышқа қарай, былтыр күзде ауылда ауыз су құбырларын тарта бастапты. Биыл, міне, жұмыстар 99%-ға ақталып қалған.

Құбыр барлығы 102 абоненттің ауласына дейін жеткізілді. "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен су тартуға 255 млн 651 мың теңге бөлінді. Жақында су бере бастаймыз, - дейді Қарақол ауылдық округінің әкімі Марат Мұсабаев. - Сонымен қатар, биыл Биллайн ұялы байланыс мұнарасы орнатылды. Ғаламтор ауа райына байланысты бұлтты, желді күндері дұрыс тартпай қалатыны бар.

Сағат ауылынан аулудық округ орталығына тікелей жүрсе, 30 шақырым болады. Тұрғындардың айтуынша, қыс ортасы тұрмақ, жаз айларында елді мекендер арасында қатынас болмай қалатын көрінеді.

Жауын-шашын күндері екі ортаның жолы лай-батпаққа айналып, көлік атаулыны жүргізбей тастайды, - дейді Берікхан Тайжігіт. - Сағат халқы мұндайда батпақтан ілдебайлап, кент орталығынан 18 шақырым болатын "Алматы-Өскемен" тас жолына шығуға талпынады. Қыс айларында екі ортаның қарын күреп беретін жан болмағандықтан, жол жабық. Жазда жаңбырдан соң екі ортаның лайсаңы дегдігенше екі-үш күн тосуы керек. Одан әрі Қарақолға дейін 40-50 шақырым. Құдай бетін аулақ қылсын, кенеттен ауырып, сырқай қалса, ота қажет бола қалған жағдайда, жұрт қайтпек деп ойлайсың?! Ойлаудың өзі қорқынышты.

Амбулатория ауылдық округ орталығында, ал Сағат ауылында фельдшерлік пункт бар.

Жол мәселесі кеңес үкіметі кезінен келе жатқаны жасырын емес. Бұл маңның топырағы тұзды болып келеді, сол себепті жол салу қиындық тудырады. Күз-көктемде жаңбыр жауса, батпақ болып қалады. Жөндегеннен пайда жоқ, қыруар қаржы желге ұшатын болып тұр, - дейді ауылдық окург әкімі Марат Мұратбекұлы.

Айта кетейік, ауылдағы балалар 60-70-ші жылдары салынған ескі мектепте оқып жатыр екен. Марат Мұратбекұлы облыс әкімдігіне ауылға 80 орындық жаңа мектеп салып беру туралы өтініш жіберілгенін айтады.

Кент өткен 20-ғасырда өмір сүріп жатқандай. Бірен-саран жекеменшік үйлер салынғаны болмаса, жаңа құрылыс жоққа тән. Осыдан 60-70 жыл бұрын саман кірпіштен салынған тоқал тамдар мен құлаған, қираған үйлер құдды ауған елінің бір қышлағында жүргендей әсерде қалдырады, - деген еді Берікхан Тайжігіт.

Следующая →