Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімдегі жаңа үйдің пеші неге жарылды?

Өткен санымызда Күршім ауданында жаңадан салынған су жаңа үйлердің бірінің "астынан су шыққаны" туралы жазған болатынбыз. Мердігермен хабарласып, жергілікті билік өкілдерінен мән-жайды білген кезде жағдайдың толық реттелгенін жеткізген болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршімдегі жаңа үйдің пеші неге жарылды?
Фото:
Күршім ауданы әкімдігінен

Біз айтып, аузмызды жиғанша, енді әлеуметтік желіде дәл сол жаңадан көпбалалы отбасылар үшін салынған үйлердің бірінің жылыту пеші жарылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Әбігерге салған "ақылды пеш"

Күршім ауылында "Бір қабатты Шығыс" бағдарлама аясында барлығы 10 үй салынған болатын. Жақында оның төртеуі халық игілігіне берілген. Ол үйлердің барлығы да "ақылды пешпен" жылытылады.

Бүкіл облыста күн суытып, жылыту маусымы басталды. Жаңа қоныс иелері де пеш жаға бастаған. Жаңа үйлердегі бұл жаңа пештердің де бабы бөлек. Абайламасаң, арты осындай апатқа апарады. Көпбалалы отбасы пешті дұрыс жақпаса керек, пеш атылып, салдарынан үй ішінің 7-8 шаршы метр аумағы қирап қалған. Қылышын сүйретіп алда қыс келеді. Ал Күршімдегі көпбалалы отбасына берілген баспананың жағдайы анау. Алғашқы суыққа төтеп бермей, жылыту пеші жарылып жатыр. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін Күршім аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарластық.

Оқиға 4 қазан күні орын алды. Хабар түскен бойда оқиға орнына барлық жауапты мамандар, яғни, әкімдік өкілдері, осы үйді салған мердігер компания басшысы, Төтенше жағдай қызметі бірден келіп, жарылыстың себеп-салдарын анықтадық. Алдын ала болжам бойынша себеп - тұрғындар қатты отынмен жанатын ақылды пешті пайдалану ережелерін бұзған. Атап айтқанда, жылыту жүйесінде су айналмасын реттеп тұратын бұранданы жауып тастаған, - дейді бөлім басшысы Мақсат Акрамов.

Үйді салып, осы пештерді орнатқан мердігер фирма басшысы да адамдардың абайсыздығынан орын алған апат деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл жұмыспен мердігер "СК KAZ - ALEM" ЖШС айналысқан болатын.

Мен мұндағы жағдай үй иелерінен кеткен қателік деп нақты айта аламын. Себебі жаңадан кірген тұрғындарға пештің эксплуатациясын егжей-тегжейлі түсіндіріп айтқанбыз. Сол айтылған ережелерді дұрыс сақтамау нәтижесінде, яғни, жылыту жүйесіндегі су айналмасын реттейтін тетікті жауып тастап, насосты қоспай, пештің өзін ғана жаға беру салдарынан болып отыр. Соның салдарынан қатты отынмен жанатын ақылды пеш жарылып кеткен. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің тапсырысымен біз өз қаражатымызға жарылыс салдарынан құлаған ішкі қабырғаны қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп бітіп қалдық. Үй иелерін екі күнде өз үйлеріне қайта қоныстандырамыз, - дейді мердігер компания басшысының көмекшісі Асхат Мұсанов.

Өскеменде де пеш жарылған еді

Естеріңізге сала кетсек, былтыр, Жаңа жыл қарсаңында Өскемен қаласының Защита ауданындағы саяжай бірлестіктерінің бірінде тұрып жатқан отбасының үйіндегі пеш те жарылып, қабырғасын түгел жұлып әкеткен. Пешке көмір салған соң біраз уақыттан кейін пеш отындығы жарылып, сыртқа қарай лап берген екен. Ас үйдің қабырғасы бірақ опырылып қирап, арғы жағынан дала көрініп қалған. Бірақ ол кезде жарылыс себебі тіпті анықталмай, жұмбақ күйінде қалған еді.

Полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер келді. Бірақ өрт шықпағандықтан, ешқандай шара қолданбады. Менің өзіме "пештің құбырларын бітеп тастағансыздар" деп ауызша айтты да жөндеріне кетті. Сонымен ешқандай сараптама жүргізілген де жоқ, жарылыстың нақты неден болғаны анықталған да жоқ. Ал дәл осылай пеші жарылып кеткен таныстарымның бірі "менің пешім жарылғанда мамандар көмір арасында динамиттің жарылмай қалған бөлшектері немесе жарықшақтары қалып кетуі мүмкін деген болатын" дейді. Яғни, көмірді кен орнынан жарылыс жасап бөлшектеп алады. Сол кезде қалып кетуі мүмкін дегенді алға тартты. Бірақ бұл жағдайға не себеп болғаны сол қалпымен белгісіз болып қалды, - деген еді үй иесі Сара Аманжолова.

Облыстық Төтенше жағдайлар бойынша департамент те пештің жарылуы бойынша соңғы 5 жылда ешқандай дерек тіркелмегенін алға тартқан.

Көмір жанғыш, қатты отын болып табылады және физикалық қасиеттеріне байланысты жарыла алмайды, сондай-ақ ауадағы көмір шаңының көп концентрациясы жоғары температурамен әрекеттесу салдарынан жарылыс тудыруы ықтимал, - деген еді ШҚО ТЖД басшысының орынбасары полковник Дмитрий Титов.

Тұрғындар сақтық ережелерін сақтамайды

2020-2021 жылдың жылыту маусымында ақылды пешті дұрыс қолданбаудың себебінен ешқандай да бір апаттық, өрт, иіс тию жағдайлары орын алмағанын мәлімдеп еді осыдан бір апта бұрын облыс бойын- ша Төтенше жағдайлар департаменті біздің жазған журналистік сауалымызға. Күні кеше ғана Күршім ауданында орын алған оқыс оқиға да бұл мекемеде тіркелмеген шығар. Өйткені бұл жолы да өрт шықпады.

Дегенмен жылыту маусымында дәл осы пештерден төнетін қауіп көп екенін ашық айтады мамандар. Себеп - тұрғындардың салғырттығы.

2020-2021 жылдың жылыту маусымында облыс бойынша 12 адам қаза тапты, 90 адам зардап шекті. Жеке тұрғын секторындағы өрт кезінде 39 адам қаза болған, оның алтауы пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтамаған, - дейді ШҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қанат Әбділов. - Осының барлығына пештерде сызаттар мен жарықтар болуы, мұржаларының тазартылмауы себеп болған.

Осы орайда мамандар сақтық ережелерін еске салады.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ барысында күйеден тазартылады: үш айда бір рет - жылыту пештері үшін; екі айда бір рет - үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін. Түтін арналары өтетін шатырларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктелуі керек. Жылыту пешінің алдына мөлшері 50*70 см металл бет орнатылуы керек, ас үй пештері және үздіксіз (ұзақ мерзімді) от жағатын басқа да пештер айына кемінде бір рет тазартылуы керек, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖ департаменті.

Пешті пайдалану кезінде мыналарға рұқсат етілмейді: 

  • жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру, сондай-ақ оны балаларға қадағалауды тапсыру; 
  • жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы жерге орналастыруға жол берілмейді; 
  • қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға жол берілмейді; 
  • отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға жол берілмейді; 
  • үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға; 
  • пешті қатты қыздыру; 
  • жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге жол берілмейді; 
  • саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға жол берілмейді; 
  • желдету және газ арналарын мұржалар ретінде пайдалануға жол берілмейді;
  • ақаулары, жарықтары мен саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға міндетті.

Следующая →