Өскеменде "Назар сал, жаяу жүргінші" жол жүру қауіпсіздік айлығын өткізуде
Өскемен гарнизоны әскери полиция әкімшіліктәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері Өскемен қаласы полиция басқармасының инспекторларымен бірлесіп, "Назар сал, жаяу жүргінші" жол жүру қауіпсіздік айлығын өткізуде
Іс-шара барысында әскери қалашықтарда орналасқан мектептердің маңындағы жаяу жүргінші жолақтарында және автокөлік тұрақтарында жол жүру қағидаларын бұзудың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Өскемен гарнизоны әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамымен жаяу жүргіншілердің міндеттерін зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
Айлық барысында гарнизондағы әскери полиция әкімшілік тәжірибе бөлімшесімен арнайы даярлаған ақпараттық кітапшалар жаяу жүргіншілерге таратылды. Шараның мақсаты - жол ережесін сақтамау өз өміріне қандай қауіп төндіретінін түсіндіру, - дейді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері әділет аға лейтенанты Ғани Нұрғаламбаев.
Айта кетейік, "Назар сал, жаяу жүргінші" айлығы қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.