Аягөздің жігерлі жастары әскерге аттанды
Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде Отан қорғауға дайын жас жігіттерді әскер қатарына шығарып салу шарасы ұйымдастырылды
Шара барысында Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник Сабыржан Айтқазин болашақ сарбаздарды қанаттандырып, жауынгерлік рух беріп, отансүйгіштікке тәрбиелейтін жалынды сөздерімен жігерлендірді. Сонымен қатар, әскерге аттанушыларға арнайы әзірленген шақыртуларын табыстады.
Бүгінгі әскер қатарына шығарып салу шарасы үлкен әсер қалдырып, бойымызға нық сенім ұялатты. Ел сенімін ақтап, Отан алдындағы борышымызды абыроймен атқаруға тырысамыз, - деді болашақ сарбаз Қайрат Кенжебек.
Шара соңында жиынға қатысқан бөлім қызметкерлері де бозбалаларға ізгі тілектерін айтып, ақ жол тіледі.