Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жетіаралдың ескі мектебі аукционға қойылған

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы мектепті сатып алған мұғалім кім?

Усть-Каменогорск и ВКО / Жетіаралдың ескі мектебі аукционға қойылған
Фото:
М. Сәкенұлы ұсынды

Күздің миуалы айлары басталғанда жер бетіндегі тіршілік атаулының қимыл-қозғалысы жанданады, үлкендер жұмысқа, балалар оқуға асығады. 1 қыркүйек - Білім күнінде еліміздің түкпір-түкпірінде карантиннің кесірінен бір жыл қаңырап қалған мектептер есігін айқара ашып, сағынысқан оқушыларын бұрынғысынша қабылдап жатыр. Неге екенін кім білсін, биыл Тарбағатай ауданының басынан дау арылмай қойды. Білім ордалары дәстүрлі оқытуды енді бастағанда, Тарбағатайдың мектептері сынның астында қалып, ел-жұрттың назарына ілігіп отыр.

Өткен жолы Ақжар ауылындағы мектептердің бірінің төбесінен аққан жаңбыр суы мектептің дәлізі мен кабинеттеріне жайылғанын әлеуметтік желіні шарлап кеткен бейнежазбадан елдің бәрі көрді. Арада апта өтпей жатып, "Барқытбелдің бөктеріндегі ауылдардың тағы бір мектебі жекеге сатылып кетті" деген дүрлікпе дерек жетіп отыр. Даурықпа хабардың рас-өтірігін анықтау үшін Жетіарал ауылының әкімінен бастап, осы оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығына қоңырау шалынды.

Мектепті әлдекімдер бұзып алғысы келген

Жетіарал ауылындағы 11 жылдық мектеп ғимараты Кеңес өкіметі кезінде салынған. Бүгінгі елуден асқан аға буын сол мектепте оқып бітірген. Осыдан 5-6 жыл бұрын мектептің спортзалының қабырғасында жарық пайда болған екен. Қаладан арнайы тексерушілер келіп, бұл ғимаратты апатты деп таныған. 2017 жылы аудан әкімдігі Жетіарал ауылына ішінде балабақша кешені бар су жаңа мектеп салып береді. Ал бұрынғы ескі мектеп содан бері қараусыз тұра берген. Уақыт өте келе ішіндегі дүниелерін, ғимараттың мүлкін тонаушылар шығып, мектептің өзіне де зақым келтіре бастаған. Көп ұзамай халықпен бірлескен ауыл әкімі ұрыларды қолға түсіріп, заңсыз әрекеттерге тосқауыл қойған. Ауылдың кәсіпкерлері мен қалталы азаматтары елдің игілігі үшін деп, ескі мектептің спортзалын өз қаражаттарына жөндеп, балаларға арнап спорт үйірмелерін ашқан. Жаттықтырушы жас мамандар да бір кісідей атсалысып, ауылдағы балалардың спортпен айналысуына ұйытқы болып отыр.

Күрмеуі шешілмей тұрған түйін мынау: біршама қаражат құйылып, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасалған ғимаратқа енді электр жарығын тарту ғана қалады. Алайда оған тоқ жүргізіп, су кіргізу үшін заңды түрде біреудің атында немесе бір мекеменің балансында болуы керек екен. Содан кейін ауыл әкімі ғимаратты аукционға қою туралы ұсыныс білдірген. Тек солай ғана тиісті адам оны сатып алып, пайдалана алатын болды. Барлығы жүйелі түрде жоспарланып, мектеп ғимараты бәссаудаға шығарылған кезде, мектепті бұзып алғысы келген "көлденең көк аттылар" пайда бола кетеді. Олар ғимаратты арзанға сатып алып, меншік иесі атанған соң іші-сыртын құрылыс материалдары ретінде бұзып аламыз деп ойлаған.

Бәссауда басталған кезде ғимараттың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуінен қорыққан қарапайым мұғалім бәсекеге түсіп, бағаны 22 миллион теңгеге дейін көтерген. Солайша, аукцион ойнатылмай, мектеп сатылмай қалған. Алайда алдағы уақытта әкімдіктің шешімімен ғимарат тағы да бәссаудаға шығуы мүмкін.

Ауыл халқының қамын ойлаған әкім мен кәсіпкер

Жағдайдың ушығып кетуін ойлаған Жетіарал ауылының әкімі Серік Жәнібекұлы ол қауіптің алдын алып қойған екен.

Мен өзім ескі мектептің түлегімін, осы ауылдың перзентімін. Мектептің бұзылмай, қиратылмай балалар мен халықтың игілігіне берілгенін қос қолдап тұрып қолдаймын. Ал оны біреулер бұзып алғысы келеді. Бұл жерде жең ұшынан жалғасқан жеке бастың пиғылдары жатыр. Әйтпесе, соны сатып алып, ауылдағы ағайын үшін қайтадан жөндеп, қолданысқа берейін деп тұрған ешкім жоқ. Құрылыс материалдары үшін ғана алмақшы. Сондықтан да, бірінші бәссауда ойнатылғаннан кейін мен аудан орталығына барып, аукцион шарттарына "сатылғаннан кейін ғимараттың бұзылуына жол берілмейді" деген тармақты енгізіп қайттым, - деп сенімді жауап берді Серік Қажиекберов.

Ауыл әкімі өзінің ойын ашық жеткізе отырып, ауылдастарын, ниеті түзу кәсіпкерлер мен жас спортшыларды толық қолдайтынын білдірді.

Ескі мектептің спортзалын жөндеуге қаражат құйып, демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Рахметхан Жуанышев есімді ауыл тұрғыны.

- Біз қайбір жылы "Қараша ұрпақтары" болып саябақ салған болатынбыз. Қорда содан 1,5 миллион теңгедей қаражат қалған. Ал ескі мектепке тура 1 миллион 800 мың теңгеге жаңа есік, терезе қойып, күрес кілемі, доп, тор, тағы басқа спортзал жабдықтарын алдық. Киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер жасадық. Себелек үшін су құбырын тартып кіргіздік. Енді жарық жүргізіп, тоқ тартайық дегенде, меншік иесі керек болды. Ол үшін ғимаратты аукционға қою керек екен. Егер басқа біреу ұтып кетсе, 18х6 метр жер үшін салған екі миллионға жуық қаржымыз желге ұшып кетеді. Бәссаудадағы бағасы 1-2 миллион теңгенің көлемінде болса, ауылға алып берейін деп ойлағанмын. Аукционға бейтаныс екі кісі қатысып, жоғары бағаны көтеріп жарысып отырды. Мен 5 миллионға дейін ғана апара алдым. Мейрамбек деген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі де барын салды. Баға 19 миллион теңгеге жеткен кезде, жаттықтырушы жігіт 22 миллион теңгеге көтерді. Сонымен ғимарат сатылмай, аукцион ойнатылмай қалды. Өйткені қарапайым бапкерде ондай ақша қайдан болсын, - дейді Рахметхан Жуанышев.

Чемпиондар ауылдан шығып жатыр

Мейрамбек Нұрмолдин - Жетіарал ауылының тұрғыны, ауылдағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Қарапайым мұғалім жұмысынан тыс кезде ескі мектеп ғимаратының жөнделген спортзалында ауыл балаларын жаттықтырады. Аукцион ойнатылған кезде халық үшін, шәкірттері үшін бағаны 22 миллионға дейін көтеріп, ғимаратты бұзылудан аман алып қалған бапкер қол күрес және кір тасын көтеру спортымен айналысады.

- Соңғы екі жылдан бері ескі мектептің күзетшісі сияқты болып кеттім. Көп уақытым осында өтеді. Ауыл әкіміне, кәсіпкер азаматтарға көп рақмет. Ауыл спортының дамуы үшін барын салып, шамалары келгенше жағдай жасап жатыр. Мен де балаларды тегін жаттықтырып, білгенімнің бәрін үйретіп жатырмын. Осы залда жаттығып, дайындалған шәкірттерімнің бірі Айбол Сіләмбеков 2019 жылы кір тасын көтеруден Азия чемпио- ны атанды. Тағы бір шәкіртім 2019 жылы қол күрестен Азия рекордын жаңартты. Ауылда мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Оларды да спорттың қол күрес түріне дайындап, жарыстарға қатыстырамын. Жалғыз ғана тілегім: қазіргі спортзалымыз, мектебіміз бөтен біреуге сатылып кетпесе екен. Әйтпесе, осы бір ескі ғимаратты алып, жөндеп, ауыл тұрғындары үшін пайдалы етемін деген қалталы азаматтар бар, - дейді Мейрамбек Сәкенұлы.

Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Смаилов бұл мәселеге баса назар аударып, Жетіарал халқының үмітін ақтар деген ойдамыз.

Фото:
М. Сәкенұлы ұсынды
Следующая →