Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейдегі жолдарда да оңға бұрылыстар пайда болады

Семей қаласында да Өскемендегідей жолдарында оңға қарай бұрылыстар жасалып жатыр. Бұл кептелісті жоюға мүмкіндік беретін тиімді әдіс

Усть-Каменогорск и ВКО /  Семейдегі жолдарда да оңға бұрылыстар пайда болады
Фото:
Семей қаласы әкімдігінен

Әзірге 12 бұрылыс жасау жоспарлануда. Бірақ алдағы уақытта саны одан да артуы мүмкін.

Осындай оңға бұрылыстар бағдаршам белгісін күтпей-ақ, келесі көшеге кедергісіз бұрылуға болады. Тиісінше, бұл автокөлік жүргізушілеріне де, қоғамдық көліктерге де қолайлы мүмкіндік береді. Қала ішінде осындай 12 бұрылыс жасауды жоспарлап отырмыз және мүмкіндігінше бұл санды ұлғайтатын боламыз. Қазіргі уақытта мердігер компания Дулатұлы-Елемесов көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстарын бастады. Орталық көшелерде де осындай жұмыстар атқарылатын болады, - деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

Ал осы жөндеу жұмыстары кезінде оталған ағаш-теректерді мердігерлер қайта отырғызуға міндетті. Шаһар басшысы көшедегі оң жақ бұрылыстарды жабдықтау жұмыстарын жеке бақылауына алатынын мәлімдеп, асфальт төселіп жатқан Селевин көшесіндегі орташа жөндеуді де қарап шықты.

Маған аталған көше жолының және коммуникация салынғаннан кейін қазылған Байтұрсынұлы көшесінің маңындағы жолдың да жағдайына қатысты тұрғындардан бірнеше рет шағым түскен. Сондықтан Әуезов даңғылын, Молдағалиев көшесін және сол көшелерді байланыстыратын жолдарды жөндеу кезінде оларды жұмыс жоспарына қосу туралы шешім қабылданды. Бұл жолдармен көліктер жиі қатынайды. Сонымен қатар, осы жерден үйлерге кіре беріс басталады, - деді Семей қаласының әкімі.

Семейді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бар. Келесі жылғы жоспарға Водный кентіндегі мектеп құрылысы кіріпті. Жаңа құрылыс ауданында 600 орындық мектеп салу үшін биыл құрылысқа тиімді жер аумағы таңдалса, келесі жылы жобалау басталады. Жалпы, пандемияға қарамастан, қаланың дамуында оң серпін бар. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімін шығару 42,9 млрд теңгеге ұлғайды. Май зауыты салынып, пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі 2,3 млрд теңге болатын "Алел ФИК" АҚ көмір десорбциясы жаңа цехінің құрылысы басталды. Бұл кенді қайта өңдеуді және алтын экспортының үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорына мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері салынады. Инвестжобаны іске асыру есебінен дәнді, көкөніс дақылдарының егіс алаңдарын кеңейтуге және жемшөп дақылдарын егуге көп көңіл бөлінуде.

Жолдарды жөндеу жұмыстарының көлемі екі есе артады, осы мақсаттарға 3,4 млрд теңге бөлінбек. Әсіресе, қоғамдық көлік қозғалысына қатысты қиындықтар туындаған кейбір жолдар кеңейтіледі. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Семейде бейнетіркеу және талдау жүйесін енгізу жоспарлануда. Әкім салынып жатқан үйлердің саны айтарлықтай артатынын айтты. Сондай-ақ, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Толыққанды және қолжетімді білім алу үшін қазір жаңа мектептер мен балабақшалар тұрғындардың өздері сұраған жерде салынуда. Алдағы уақытта Семей қаласында абаттандыруға көп көңіл бөлініп, балалар мен спорт алаңдары салынып, аулалар жөнделеді.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Семей Оңға бұрылыс