Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Ардагерге арнайы медаль табыс етілді

Аягөз қаласындағы танк әскери бөлімі, қорғаныс істері біріктірілген бөлімінің басшылығы мен жергілікті басқару органдарының өкілдері ауған соғысы ардагері Сергей Черниковқа "Армиялық спецназ" арнайы медалін табыс етті

Ержүрек сарбазға басшылық құрам құрмет көрсетіп, жүрек жарды  тілектерін айтты. Тарих беттерінде Ауған соғысына сан мыңдаған қазақстандық жауынгердің ерліктері  жазылғанын, олардың батылдығы келер ұрпаққа үлгі боларына сенім білдірді.   

Айта кетейік,  сол бір отты жылдарда ерлігімен көзге түскен Сергей Черниковқа аталмыш медальді табыстау бұйрығы Алматы қаласында орналасқан  аты аңызға айналған полковник Борис Керімбаев атындағы "Патриоттық дамуға жәрдемдесу орталығы" шешімімен шыққан болатын.

Сонымен қатар, шара барысында Аягөз гарнизоны танк әскери бөлімі оркестрі жалынды әндерін орындаса, "Жас сарбаз" сыныбының оқушылары өлеңдерін оқып қуантты. 

Мерекелік күн аясында құрмет көрсетіп келген қонақтарға ардагер Сергей Черников  рахметін айтып, ризашылығын білдірді. 

- Біз бүгін көпшілікке қара майор лақап атымен танылған ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев атындағы арнайы медальді ауған соғысының ардагері Сергей Черников мырзаға келіп табыс еттік. Ол кісілердің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болу керек деген ойдамын, - деді танк әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Сералиев.

Следующая →