Семей көшелеріне электр үнемдегіш шамдар орнатады
Семей қаласының көшелеріне қазан айының ағына дейін электр үнемдегіш шамдарының 200 тірегі орнатылуы керек
Қала көшелерінде заманауи энергия үнемдейтін жабдықтарды орнатуға жауап-
ты - тайваньдық Everlight компаниясы.
Следующая →
ты - тайваньдық Everlight компаниясы.
- Әлемдік пандемия кесірінен шамдар мен тіректерді жеткізу және орнату кестесіне түзетулер енгізілген еді. Қазіргі кезде жабдықтарды жеткізудің кешіктірілуі және тіректерді орнату ерекше алаңдаушылық тудырады. Кесте бойынша қазан айына дейін 200 тірек жеткізіліп, орнатылуы керек. Жалпы қазан айының соңына дейін шкафтар мен сымдар жабдықталған 744 тіректі орнату қажет, - дейді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.Кездесуде жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар және жабдықтарды жеткізу кестесін бекіту ұсынылды. Сондай-ақ, көшелерді жарықтандыру жоспары түзетілді. Жобаға бұрын жарық болмаған қосымша 33 көше қосылды.
- Сондай-ақ, кездесуде Семей қаласының ауа райы жағдайына ерекше назар аударылды. Ауа райының суытуымен жабдықтарды орнату мүмкін болмайды, өйткені бұл жұмыс сапасына теріс әсер етеді. Дегенмен, Everlight компаниясының бас директоры Кай Хонг Чжэн барлық жұмыс көлемін кесте бойынша аяқтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын хабарлады, - дейді Бақытжан Байахметов.