Баршатас ауылының болашағы бар ма?
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Баршатас аулында қазір 1750 адам өмір сүреді
Бір кездері Шұбартау ауданының орталығы болған ауылда 5 мыңнан астам адам тұрған еді. 1997 жылы аудан қысқарғаннан кейін жағдайы оңалмаған Баршатастан елдің көбі көшіп кеткен. Ауыл тұрғындары Баршатастың болашағы бұлыңғыр екенін айтады.
Баршатас ауылы қазіргі аудан орталығы Аягөзден батысқа қарай 175 километр қашықта, Қарағанды қаласына баратын үлкен жолдыңбойында орналасқан.
Кей деректер бойынша, 1930 жылдардың басында жаңадан құрылған Шұбартау ауданында сол заманда болған аштық салдарынан адам саны жеті-сегіз есе азайып кеткен. Кейін, 1962 жылы Қытайдан атамекенге оралған қазақтар есебінен аудан халқының саны қайтадан өсіп, 17 мыңға дейін жеткен. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған тұста аудан орталығы Баршатаста 5 мыңнан артық адам тұрса, 1999 жылы - 3200-ге жуық, тағы он жылдан кейін 2800-ден астам адам болған. Қазір мұнда 1750 адам тұрады.
Ауылдан шығысқа қарай 110 км жерде Әулиебұлақ минералды бұлақтары бар. Елімізге кеңінен танымал тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің дүниеге келген жері. Мұхтар Мағауин де Баршатастың қазіргі күйі туралы республика көлемінде мақала жазса да, ештеңе өзгермеген. Дарынды тұлғалардың кіндік қаны тамған қасиетті мекеннің бүгінгі жағдайы жүректі сыздатады.
Шұбартау ауданы 1970 жылдардың басында совет өкіметінің "Қазақстанда қой санын 50 млн-ға жеткізейік!" деген ұранымен алғаш рет комсомол жастар бригадасы құрылған аудан ретінде танылған. Билік бастамасы мектеп бітірген қазақ жастарын шопандар бригадасында жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Жастар малды бір жерде ауысыммен бағып, өсіруі тиіс болған. Сол жылдары Шұбартау ауданында 250 мыңнан астам қой болған. Ал қазір Аягөз ауданы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ауылдық округтің жалпы жер көлемі 37688 га. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара - 3771 бас, қой және ешкі - 9036 бас, жылқы - 1350 бас, құс - 580 бас.
Баршатаста қаңырап бос тұрған үйлер көп. 1997 жылы Семей облысымен бірге Шұбартау ауданы да таратылғаннан кейін осы ауылдың біраз мекемелері де әлдекімдердің меншігіне айналған. Мәселен, бұрынғы балабақшаны әлдекім же-
кешелендіріп, көлік тұрағына айналдырыпты. Кейін меншік иесі Аягөз қаласына көшіп кеткен соң ғимарат қаңырап бос қалған.
1997 жылға дейін Баршатастың өзінде үш бірдей мектеп болыпты. Орыс тілінде білім берген 250 орынды мектептің орнында қазір үйінді мен жеке адамдардың көлік тұрағына айналған спорт залы ғана қалған. Ал музыка мектебінің орнында балаларға арналған шағын ойын алаңы бар.
Ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Базарбек Тәшкенбаевтың берген мәліметі бойынша, 1750 тұрғыны бар Баршатаста қазір бір орта мектеп, төрт балабақша, аурухана, "Қазпошта" бөлімшесі жұмыс істейді. Төрт балабақшада барлығы 19 адам жұмыс істейді. Оның біреуі - мемлекеттік мекеме. Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жергілікті орта мектепте 44 мұғалім, 244 оқушы бар екен.
Баршатаста ең алдымен ауыл ортасында мен мұндалап тұрған аурухана ғимараты көрінеді. Аурухананың алдынғы жағы боялып, әктелгенімен, ғимараттың келесі жағы бұзылып, қирап жатыр.
Есік-терезесі жоқ ғимараттың іші де тонауға түскендей көрінеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аудан тарағанға дейін аурухананың барлық бөлімі жұмыс істеп тұрған. Кейін мамандар кетіп, 25 орынды ауыл ауруханасы болып қалған. Мұнда қазір аурухана меңгерушісі мен екі дәрігер, 20-дан астам кіші медицина қызметкері және өзге де жұмысшылар - барлығы 48 адам еңбек етеді екен.
Қазіргі танда ауылда әкім де жоқ. Екі жыл бұрын тағайындалған әкім аудан әкімімен келісе алмай, өз өтінішімен жұмыстан шығып кеткен екен. Сөйтіп ауыл әкімсіз қалған.
Баршатаста тұратын Қайыржан Нұрсипатов көп жыл бойы Шұбартау аудандық телекоммуникация мекемесін басқарған. Қазір зейнетте.
Аудан орталығы болған кезден Баршатас ауылы "Балға", "РТС", "Қотыр қала", "ДЭУ" (жол жөндеу басқармасы), "ПМК" (өндірістік құрастыру кешені) деп аталып кеткен бірнеше бөлікке бөлінген. Олардың арасында автобус та жүрген. Тіпті облыс орталығы болған Семей қаласына Баршатастан жолаушы ұшағы да қатынаған, бірақ оның бәрі бүгінде ертегі секілді.
бірі - ауыл мешіті азаматтардың жеке қаржысына салынған. Ауылдан оңашалау, төбе үстіне салынған бір қабатты үй кейініректе салынған монша екен. Бірақ қазір ол да жұмыс істемейді.
Аягөз ауданы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Баршатас ауылдық округіне биыл жергілікті бюджеттен 11685,0 мың теңге бөлінген.
Осыдан 15 жылдай бұрын ел үкіметі ауылдарды арнайы сараптап, зерттеп бірнеше топқа бөлген еді. Елді мекендер "болашағы бар ауыл", "болашағы орташа ауыл" және "болашағы жоқ ауыл" деген топтарға жіктелді. Ресми статистика бойынша Қазақстанда 7,5 мыңнан астам ауыл бар екен. Халықтың 42 пайызы осы ауылдық жерде тұрады. Үкіметтің сол бір тексерісінен кейін осы 7660 елді мекеннің 3 мыңы "болашағы бар ауылдар" санатына жатқызылды. 2 мыңдайының "жағдайын дұрыстауға болады" деген шешім шығарылды. Ал 1500-дей ауыл "болашағы жоқ" деген статусқа ие болды. Шығыс Қазақстандағы 69 ауылдың болашағы бұлыңғыр екен. Баршатас ауылының бұрынғыдай тіршілігі қайнап, қаймағы бұзылмаған қазақи ауылдың тіршілігі оңалар деп үміттенеміз.
Следующая →

- Ауылда жұмыс жоқ, халықтың көбі көшіп кетті. Жастар қалмады. Ауылымыз көз алдымызда құрып барады. Ауылда бейсауат жүрген адам көрінбейді. Бала-шаға, жастардың барлығы ауылға тоқтағысы жоқ. Оларды да түсінуге болады, ауылда олар істейтін іс жоқ. Бұрын қалаға бергісіз ауылымыздың қазіргі күйі осы. Тіпті дүкендердің өзі де аптаның жұмыс күндері ғана ашық, - деп налыды ауыл тұрғыны Бектас Омаров (аты-жөні өзгертілген).
Қаңыраған ғимараттар көп
Шұбартау ауданы 1970 жылдардың басында совет өкіметінің "Қазақстанда қой санын 50 млн-ға жеткізейік!" деген ұранымен алғаш рет комсомол жастар бригадасы құрылған аудан ретінде танылған. Билік бастамасы мектеп бітірген қазақ жастарын шопандар бригадасында жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Жастар малды бір жерде ауысыммен бағып, өсіруі тиіс болған. Сол жылдары Шұбартау ауданында 250 мыңнан астам қой болған. Ал қазір Аягөз ауданы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ауылдық округтің жалпы жер көлемі 37688 га. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара - 3771 бас, қой және ешкі - 9036 бас, жылқы - 1350 бас, құс - 580 бас.
Баршатаста қаңырап бос тұрған үйлер көп. 1997 жылы Семей облысымен бірге Шұбартау ауданы да таратылғаннан кейін осы ауылдың біраз мекемелері де әлдекімдердің меншігіне айналған. Мәселен, бұрынғы балабақшаны әлдекім же-
кешелендіріп, көлік тұрағына айналдырыпты. Кейін меншік иесі Аягөз қаласына көшіп кеткен соң ғимарат қаңырап бос қалған.
1997 жылға дейін Баршатастың өзінде үш бірдей мектеп болыпты. Орыс тілінде білім берген 250 орынды мектептің орнында қазір үйінді мен жеке адамдардың көлік тұрағына айналған спорт залы ғана қалған. Ал музыка мектебінің орнында балаларға арналған шағын ойын алаңы бар.
Ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Базарбек Тәшкенбаевтың берген мәліметі бойынша, 1750 тұрғыны бар Баршатаста қазір бір орта мектеп, төрт балабақша, аурухана, "Қазпошта" бөлімшесі жұмыс істейді. Төрт балабақшада барлығы 19 адам жұмыс істейді. Оның біреуі - мемлекеттік мекеме. Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жергілікті орта мектепте 44 мұғалім, 244 оқушы бар екен.
Баршатаста ең алдымен ауыл ортасында мен мұндалап тұрған аурухана ғимараты көрінеді. Аурухананың алдынғы жағы боялып, әктелгенімен, ғимараттың келесі жағы бұзылып, қирап жатыр.
Есік-терезесі жоқ ғимараттың іші де тонауға түскендей көрінеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аудан тарағанға дейін аурухананың барлық бөлімі жұмыс істеп тұрған. Кейін мамандар кетіп, 25 орынды ауыл ауруханасы болып қалған. Мұнда қазір аурухана меңгерушісі мен екі дәрігер, 20-дан астам кіші медицина қызметкері және өзге де жұмысшылар - барлығы 48 адам еңбек етеді екен.
- Көз дәрігері, тіс дәрігері, гинеколог сияқты мамандар жоқ. Кезінде отаға дейін осында жасалатын еді. Қазір ауырсақ, Аягөзге немесе Семейге барамыз. Былтыр індет өршіген кезде ауруханаға жете алмай жолда қайтыс болып кеткендер де болды, - дейді жергілікті тұрғындардың бірі Қайыржан Нұрсипатов.
Ауыл арасында ұшақ ұшқан
Қазіргі танда ауылда әкім де жоқ. Екі жыл бұрын тағайындалған әкім аудан әкімімен келісе алмай, өз өтінішімен жұмыстан шығып кеткен екен. Сөйтіп ауыл әкімсіз қалған.
Баршатаста тұратын Қайыржан Нұрсипатов көп жыл бойы Шұбартау аудандық телекоммуникация мекемесін басқарған. Қазір зейнетте.
- Қараусыз қалған ауыл деп есептеуге болады. Облыс орталығынан 500 шақырым, Аягөз қаласынан 175 шақырым алыста жатыр. Жолдың жағдайы анау... Сапасы өте нашар. Мемлекеттің берген көмегі қанағаттанарлық деңгейде емес. Бұрынғы үлкен мекеме орналасқан ғимараттың бәрі бұзылып кетті. Бірақ орны сол беті тазаланбады, ауылдың іші толған үйінді, - дейді Қайыржан Нұрсипатов.Ауыл тұрғынының сөзінше, жергілікті халықтың ауыл ішін кесіп өтетін екі үлкен көшені асфальттауды сұрап келе жатқанына жиырма жыл болған. Жыл басында облыс әкімі Даниал Ахметовтің тараған аудан орталығына қаржы бөліп, абаттандыру туралы қаулысы шыққанын, бірақ одан да қайыр болмағанын айтады. Өздері секілді Мақаншы, Таскескен, Ақжар тәрізді бұрынғы аудан орталықтарының абаттандырылып жатқанын айтып ренішін білдірді.
Аудан орталығы болған кезден Баршатас ауылы "Балға", "РТС", "Қотыр қала", "ДЭУ" (жол жөндеу басқармасы), "ПМК" (өндірістік құрастыру кешені) деп аталып кеткен бірнеше бөлікке бөлінген. Олардың арасында автобус та жүрген. Тіпті облыс орталығы болған Семей қаласына Баршатастан жолаушы ұшағы да қатынаған, бірақ оның бәрі бүгінде ертегі секілді.
- Баршатаста кезінде аэродром да болды. Семей түгілі, ауыл арасына самолет ұшатын. Аудан тарағаннан кейін жергілікті халықтың түгелге жуығы көшіп кетті. Үйлердің бәрі бұзылып жатыр. Үкіметтен халыққа қолдау жоқ. Қалған жұрт мал өсіріп, өз күнін өзі көріп отыр. Жастардың бәрі қалаға кетіп, ауыл қаңырап қалды, - дейді ауыл тұрғыны Марат Жақанов.Баршатаста санаулы болса да, жаңадан салынған ғимараттар да бар. Соның
бірі - ауыл мешіті азаматтардың жеке қаржысына салынған. Ауылдан оңашалау, төбе үстіне салынған бір қабатты үй кейініректе салынған монша екен. Бірақ қазір ол да жұмыс істемейді.
- Отын жоқ. Жеке адамдардың моншаны көмірмен қамтамасыз етуге шамасы келмейді, - деп түсіндірді Марат Жақанов.
Биліктегілер уәдесінде тұра ма?
Аягөз ауданы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Баршатас ауылдық округіне биыл жергілікті бюджеттен 11685,0 мың теңге бөлінген.
- 2021 жылы Қойтан би көшесін жарықтандыру үшін 17 бағана орнатылған. Баршатас ауылында шағын футбол алаңына жөңдеу жұмыстары да жүргізілген. Жергілікті бюджеттен Шақантай батыр көшесінің жолын орташа жөңдеу жұмыстарына 3 млн 345 мың теңге бөлінген, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.Аудан әкімдігіндегілер ағымдағы жылдың басында облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев облыс әкімі Даниал Ахметовтің бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында Аягөз ауданына іс-сапармен келгенін де тілге тиек етті. Іс-сапар барысында бұрынғы Шұбартау ауданының орталығы болған Баршатас ауылдық округіне барып, жергілікті тұрғындармен кездескен. Кездесу барысында ауылдық округтің ауруханасын жөндеу, заман талабына сәйкес медициналық құралдармен жабдықтау, білікті мамандармен қамтамасыз ету, ауыл жолдарына асфальт төсеу, саябақ жасау, балалар ойын алаңын орнату, ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті дамытуға жеңілдетілген несие беру мәселесі, жаңадан коммуналдық мекемелер ашу, өрт сөндіру көлігін жаңарту және жаңа жұмыс орындарын ашу сынды сұрақтарды көтеріп, талқылаған көрінеді.