Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Күнді бірінші көретін Аршаты ауылы нені көре алмай отыр?

Қазақстандағы ең алғашқы азан Аршатыда шақырылады

Мүйіс деген - теңізге яки көлге, не болмаса мұхитқа сұғына еніп жатқан құрлық-
тың қиыр шеттегі бөлігі. Ал біздің ұлан-байтақ даламыздың қиыр шығысындағы мүйісі - үш елдің шекарасына дендей орналасқан Қотан қарағай ауданындағы Аршаты ауылы дер едім. Әрине, бейнелі түрде.

Алайда атқан таңды бірінші болып көретін ауылдың тұрғындары дамыған елу елдің қатарына қосыламыз деген жаһандану заманының қандай игіліктерін көре алмай отыр? Кенді Алтайға жасаған іссапарымызда күншығыс ауылына жолға шығып, ең түкпірдегі елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.

Ауылдағы бірінші мешіт пен қатымхана


Оң жағымызда шіліңгір шілдеде де ерімейтін қар жататын Алтайдың заңғар шыңдары көзге сонадайдан менмұндалап көрінді. Етегін ит тұмсығы батпайтын ну қалың орман жауып жатыр. Сол жағымызда қорым тастары көп қия құз. Көктемде сарқырамаға айналып ағатын қар-мұздың суы тік жартастың бетін әжім-әжім етіпті. Таудың төскейінде де, беткейінде де жылқы мен сиыр аралас жайылып жүр. Міне, осы екі алып таудың ортасында, мүлгіген тыныштықта Аршаты ауылы жатыр. Күре жолдың апарып қосатыны - жалғыз ғана басты көше екен. "Күншығыс" көшесімен өрлеп келе жатырмыз. Мектептен қайтып келе жатқан мұғалімдер мен дүкенге асыққан апалар ұшырасты. Көшенің орта шеніне жеткенде іздеп келе жатқан мешітіміз де көзге шалынды. Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр екен, сырттай бақылап тұрдық. Сүт пісірім уақыттан кейін осы істің басы-қасында жүрген жауап-
ты адам да келіп жетті.

Аршаты ауылында бұған дейін ешбір құлшылық үйі болмаған. "Пісмілдә" деп биыл басталған бұл құрылыс - құдайға сыйынатын бірінші дін үйі болғалы тұр. Мешітті салдырып жатқан осы топырақтың перзенті, бүгінгі таңда жеке кәсіппен айналысып жүрген Талғат Серменов есімді азамат. Карантиннің уақытын тиімді пайдаланып, көптен армандап жүрген ісіне бел шешіп, білек сыбана кірісіпті. Бізді оның інісі Айдар қарсы алды.
- Талғат екеуміздің әкелеріміз бір үйдің ағайынды балалары. Ағамның туған жеріне мешіт салып жатқанына бүкіл ауыл тұрғындары қуанып отыр. Жастар намаз оқысын деп сауабы үлкен жұмысты бастаған соң, біз де қолымыздан келгенше аянып қалмай жәрдемдесіп жатырмыз. Іргетасын 2021 жылдың мамыр айында құйып бастадық. Жұмысшыларды Өзбекстаннан алдырдық. Қазір барлығы он екі адам жұмыс істеп жатыр. Қанша қаражат кеткенін Талғат қана біледі, ол қазір жеке шаруаларымен қалаға кеткен. Ауылдағы ағайын да көрпесіне қарай көсіліп, өз шама-шарқынша қол ұшын созуда. Ауданымыздағы ұлттық мемлекеттік табиғи парктің ағаш материалдарымен үлкен көмек көрсетіп жатқанын ерекше ескеріп айта кету керек. Ауыл халқының біреуі құрт-майын, біреуі тәтті тосабын, бауырсақ-шайын алып келеді кейде. "Сауап жинаймыз" деп аз да болсын ақшалай беріп кететіндер де бар, - дейді Айдар Серменов.
Мешіттің сол жағына екі жүз елу адамға арналған қатымхана салынып жатыр. Оның негізгі сыртқы құрылыс жұмыстары бітіп те қойған. Дәрет алатын орын мешіттің ішіне де, сыртына да салынбақ. Ауласына науқан кезінде ет пісіріп, қазан қоятын орын да күні бұрын сайланыпты. Дәл көшенің бойында қаладағыдай газон төселіп, темір тормен қоршалмаса да, тұрпайы түрде қолдан жасалған қақпасы бар футбол алаңы орналасқан. Мешітті салып жатқандар алаңқайға тиіспей, қазықты бір метр ары қағыпты.
- Құдай қаласа, мешіттің құрылысы биыл күзде бітеді деп ойлап отырмыз. Құрбандық шалынып, ашылу салтанатын жасаған кезде ауданның бас имамы, облыстың имамдары келген болатын. Олар "күн бірінші шығатын, бірінші азан шақырылатын ауылға бір молдамызды әкеліп отырғызамыз" деп уәде беріп кеткен болатын, - дейді Талғат Серменовтің бауыры Айдар.

Аршаты ауыз сумен қамтамасыз етіледі


Ауылдың арғы шетінде тағы бір ғимараттың салынып жатқанын естідік. Барып көрдік, сұрап-білдік. Ол жерде су тарту қондырғысы орнатылатынын айтты.
- Құрылыс ағымдағы жылдың маусым айында басталған болатын. Жоспар бойынша қазан айында аяқталуы керек. Әрбір үйге су құбыры тартылып қойған, көшедегі құбыр жүргізу жұмыстары да әлдеқашан аяқталған. Енді тек ауыз су шығаратын құрал-жабдықтар тұратын осы ғимаратты салып бітіру қалды, - дейді бригадир Ермұрат Мақсұтқанұлы.

"Ғаламтор желісі мүлде тартылмайды"


Катонқарағайдың ауылдарында жол мен ұялы байланыс мәселесі өзектілігін жойған емес. Аршаты да сол кепті киіп отырған көп ауылдың бірі. Алдымыздан кездескен тұрғындардың әрбір екіншісі жол тақырыбын тілге тиек етті.
- Құдай үшін, дұрыс жол салып берсінші. Әбден діңкемізді құртып, жүйкемізді жұқартып бітірді. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды деп тойлап жатыр ма қалада? Осы уақыт ішінде жолы жаман болғаны үшін қаншама ауылдардың тынысы тоқтап жатыр. Бізден де дұрыс жол мен интернеттің жоқтығының кесірінен көшіп жатыр. Әйтпесе, кім жылы орнын суытқысы келеді дейсіз, - деп жыларман болды Аршаты ауылының тұрғыны Гүлназ Жетпісова.
Расымен де, Аршатының ішінде жолдың шаңы шығып жатыр. Асфальт деген атымен жоқ. Берел ауылына дейін апаратын жол да ешқашан жөндеу көрмеген. Жабайы салынған қара жол. Көктем мен күзде батпағы мидай езілгенде Нива-дан басқа көлігіңіз келе алмай қалады.

Былтыр, ауылдың қақ ортасына темір бағана орнатып, "Теле2 ұялы желісін тарттық, ғаламтор орнаттық" депті аудан басшылығы. Бірақ іссапармен барған төртеуміздің де телефонымыз керексіз болып қалды. Қасымызда аудан әкімі Ділдар Қалиқанның көмекшісі жүрген болатын. Байқамай, шынын айтам деп, сырын айтып қалды.
- Жол салу жоспар бойынша жүзеге асатын жұмыс. Қазір әзірге басқа ауылдардың жолдары жөнделуде. Ал ғаламтор бұл ауылға тартылмайды. Себебі қай жерге болмасын ұялы байланыс желісін орнату үшін сол елді мекеннің халқы 250-ден асу керек. Аршатыда тұратын адам саны одан аз. Сондықтан, бұл ауылға ғаламтор мүлде тартылмайды, - деді Айбар есімді жас жігіт.
Сонда қалай болғаны, темір бағана орнатып, ұялы желі байланысын тарттық дегені көзбояушылық болғаны ма?! Одан да халыққа "тұрғындар санын 250 адамнан асырыңдар, сонда ғана интернет болады" деп ашық айта салмай ма? Мақаламыздың басында айтқандай, күнді алғаш көретін ауылдың көре алмай отырған игіліктері дегеніміз осы.

Следующая →