Өскемендік әскери қызметші ІІМ медалімен марапатталды
Өскеменде көршісін ажал аузынан құтқарып қалған Ұлттық ұлан әскери қызметшісін ІІМ басшысы медальмен марапаттады
Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы байланыс возводының кіші сержанты Данияр Берлікбаев "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында ол өз пәтерінде аузынан көбігі ағып ес-түссіз жатқан көршісін құтқарып қалған болатын. Жедел жәрдем жеткенше Данияр алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиюға көмектескен еді.
"Шығыс" ӨҚ 5518 әскери бөлімінің командирі подполковник Бақытжан Күлбаев ҚР ІІМ министрінің медалін жеке құрам алдында салтанатты түрде табыстады.
Следующая →

- Ол кезде ойлануға уақыт болған жоқ. Менің орнымда кез келген осылай әрекет етер еді. Сондықтан, мен өзімді ерлік жасадым деп айта алмаймын, - дейді Данияр.