Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатайдың Ақжарындағы төбесі тесік білім ордасы

1 қыркүйек - білім күнінде жауған жаңбыр мен бұршақтан кейін Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейдің төбесінен сорғалап су ағып кетті

Ақын, педагог Мағжан Жұмабаев "Алты Алаштың баласы бас қосса, төр - мұғалімдікі" деген екен. Сол төрге шығарған ұстаздарымыздың еңбек етіп жүрген мектебі қандай? Білім ордаларын заман талабына сай жабдықтау, кәсіби шеберлігі мықты мамандармен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік тәжірибені үйрену алға қойған ең маңызды іс. Сол іске жауапкершілікпен қарау үшін ең алдымен мұғалімдерге жағдай жасалғаны дұрыс. 

Бөлінген қаражат жетпей қалған


Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дарынды балаларға арналған гим-назия-интернаты сол кездегі ауданы әкімінің 1995 жылдың 14 маусымындағы №143 қаулысы негізінде құрылған болатын. 2019-2020 оқу жылынан Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейі деген статусқа ие болды. Лицей оқушылары гуманитарлық пәннен: қазақ тілі мен әдебиетінен, политехникалық пәннен: математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарға бөлінді. 

Мұнда қазіргі таңда 305 оқушы білім алады. 80 адам (мұғалімдерді қосқанда) жұмыс істейді. Күрделі жөндеуден өтіп, оқушыларға барлық жағдайы жасалған лицей ғимаратын өнер мектебі мен саз мектебі ұжымына беріп, лицейді еш жөндеусіз қаңырап тұрған, апаттық жағдайдағы ескі ғимаратқа көшірген. Айта кету керек, былтыр Ақжарда жаңа мектеп пайдалануға беріліп, онда Әуезов мектебі көшіп барған. Ал Қ. Билялов лицейі сол Әуезов мектебінен қалған ғимаратқа ауыстырылған. Бұл ғимарат 1985 жылы салынып, содан бері жөндеу көрмеген. 1990 жылғы зілзалада зақымданып, сырты темірмен құрсауланған. Жыл сайын "Алтын белгі" иегері мен талай қызыл аттестат алған білімді ұрпақ тәрбиелеп шығаратын лицейдің қазіргі жағдайына мұғалімдер мен ата-аналар алаңдауда. Алаңдауларына да себеп бар: қазіргі жай-күйі өте аянышты, білім ордасының "шықпа, жаным, шықпа" деп тұрған жайы бар. Әр жауын жауған сайын төбесінен су ағады. 

 Жұмысшылардың айтуынша, кіші қамту қызметкерлері жаңбыр жауған сайын шелектеп су төгіп әуре болады екен. Ең қорқыныштысы су сіңген қабырғалардағы электр сымдары тұйықталып, тоқ соғатын көрінеді. Ал биыл сабақ та дәстүрлі түрде басталды. Мынадай жағдайда оқушылардың тоққа түсіп қалмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Тарбағатай аудандық білім беру бөлімі мектеп-лицейдің бұл мүшкіл жағдайымен жақсы таныс болып шықты.
- Республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлініп, 2019 жылы бұл мектеп жөндеуден өткен. Тек шатырын жөндеу кезінде бір жақ шетіне қаражат жетіспей қалып, жетпеген жеріне жұмсақ шатыр төселген. 1 қыркүйектегі бұршақ аралас жауынға төтеп бере аламады. Төбеден аққан су 2 блокты жалғастырып тұратын мектеп ортасындағы дәлізден сорғалады. Оның мұғалімдер мен оқушыларға еш кедергісі жоқ. Біз осы жағдай бойынша облыс мәслихатының депутаты Қайрат Қожахметовпен бірге Білім және Экономика басқармаларына кіріп, мән-жайды түсіндіріп шықтық. Бұл мәселені қыркүйек мәслихатында қарастыруға уәде берді. Өздеріңіз білесіздер, алда жауын-шашын маусымы келе жатыр, соған орай біз бикрост материалына тапсырыс беріп қойдық. Қалай келеді, солай шатырды жөндеп бастаймыз, - деді Тарбағатай аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Нағызханқызы.

Ата-аналар да алаңдаулы


40 жыл жөндеу көрмеген, апаттық жағдайда деп танылып, кейіннен "апаттық емес" деп қайта танылған мектепке көшіп барған мектеп директорының айтуынша, ғимаратты жөндеу мәселесін облыстық мәслихаттың депутаты жоғарыға жеткізген.
- Біз осы ғимаратқа кірерде негізі 3 қабатты оқу корпусы мен спорт залын шатырлап берген. Содан кейін ол жақтан су ақпайтын болған. Ал бір қабатты кіреберіске, 980 шаршы метр аумаққа шатыр жабылмады. Су сол жерден ағып кетті. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжат дайын тұр. Бұл мәселемен депутат Қайрат Қожахметов айналысып жатыр. Осы қыркүйекте болатын облыстық мәслихаттың сессиясында мәселені қозғап, қаржы бөлуді сұрайтынын айтты. Ал қазір оқу жылы басталды. Балалар кедергісіз оқып жатыр. Олар төбесінен су өткен аумаққа жіберілмейді, - деді мектеп директоры Қайрат Ислямов.
Балаларының денсаулығына төніп тұрған қатерге алаңдаған ата-аналарда маза жоқ. Төбесінен шелектеп су сорғалаған білім ордасында сапалы білім алу мүмкін емес дейді олар. 
- Жаңбыр жауса, төбесінен су ағады. Мектептің қыста суық болатынын, балалардың тоңатынын жасырмаймын. Ылғалдан дәліздің қабырғалары көгеріп, шіріп жатыр. Қашан төбелеріне құлайды екен деп қорқынышпен жіберемін баламды. Мұндағы барлық кінәрат ғимараттың төбесінде тұр. Жылда шатырға алдымен смола құйылып, үстіне тек бір қабат қара қағаз төселеді екен. Алайда желді күні бұл жапқандары ұшып кетіп, жаңбыр жауса сорғалап су ағады да тұрады, - дейді ата-аналардың бірі Айман Құрманбекова (аты-жөні өзгертілген).
Төбесінен су сорғалап, қабырғаларын көк басқан мектептің жағдайы туралы түрлі фото, видеоматериал-дар интернет желісіне кеңінен таралып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Алдағы өтер облыстық мәслихаттың отырысында аталмыш білім ордасын жөндеуге қаржы бөлінсе де жөндеу жұмыстары оқушылардың білім алуына кедергі келтірмей ме? Аталмыш мектеп оқушылары биыл да қыстай дірдектеп тоңып, жауын жауса, төбелерінен су тамшыласа да шыдап білім алуға мәжбүр болатын сыңайлы. 

Облыста 9 мектеп апаттық жағдайда


Бүгінде облыс бойынша 647 мектептің жай-күйі тексерілген. Оның ішінде 154 қалалық және 493 ауылдық мектеп бар. Өңір бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 және үш ауысыммен оқытуға көшу қаупі бар 2 мектеп анықталды. Қазіргі уақытта осы мәселені шешу бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нақты айтқанда, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңа құрылыс басталмақ. 

Облыстық Білім саласын бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, облыстың 52 мектебінде, яғни 8 пайызында тамақтану объектілері жоқ. Өйткені ол мектептер асхана немесе буфет үшін орын қарастырылмаған ғимараттарда орналасқан. 
- Облыста 647 мектептің 223-і ғана, яғни 34,5 пайызы тек жылы ішкі әжетханаларды пайдаланса, 405-і (62,7%) жылы және аула әжетханаларын пайдаланады. 409 мектеп (63,3%) орталық сумен жабдықталған, ұңғымалар 207 (32%) мектепте жүргізілген, 31 (4,7%) мектепте су тасымалдау ұйымдастырылады, - дейді облыстық Білім саласын бақылау департаментінің басшысы Зейнеп Әбдіжүсіпқызы. -
79 мектепте, яғни 12,2 пайызында спорт залы жоқ, 540 білім беру ұйымдарында, (83,4%) мектеп жиһазы ескірген, жаңартуды талап етеді. 615 мектепте, яғни 95 пайызында кітапхана бар.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептерде дабыл түймелері мен турникеттер орнату басталыпты. Дабыл түймелері 150 (23%) мектепте бар болса, турникеттер 97 (14,9 %) білім беру ұйымында орнатылған.
- Облыстың барлық мектебінде жаңа модификациядағы бір робототехника кабинеті бар, барлық мектептер компьютермен қамтамасыз етілген. Орташа алғанда, бір оқушыға үш компьютерден келеді. Интернет жылдамдығы барлық ауылдық мектептерде төмен (4 мб/ с төмен). 10 ауылдық мектепте интернет жоқ. 55,3 % мектепте пән кабинеттері ескірген, жаңартуды талап етеді, - дейді департамент басшысы. - Мектептердің 18,5%-ында химия, биология, физика пәндері бойынша оқу бағдарламасының практикалық бөлігін орындауға арналған жабдық жоқ, 352 мектепте, яғни 54 пайызында ішінара (тек физика, не тек химия және биология зертханалары) бар.

Следующая →