ШҚО-да 250-ден астам адам донорлық ағзаға мұқтаж
Көзі тірісінде кез келген адам донор бола алады және бұл ешқандай ақысыз, ерікті түрде жасалады. Тіпті, елімізде органдарды сатып алуға да, сатуға да тыйым салынған және заңмен жазаланады. Бірақ көпшілікті алаңдататыны адам өлгеннен кейінгі органдарды транспланттациялау мәселесі
Шетелде органдарды транспланттау арқылы ота жасап, адам өмірін құтқарып қалу - қалыпты жағдай. Алайда шетелде адам қайтыс болғаннан кейін органдарын транспланттау үшін келісімін көзі тірісінде жазып кетсе, Қазақстанда көзі тірісінде бас тартып кету қажет. Әйтпеген жағдайда, адам өлімінен кейін, туыс-тары келіссе, оның органдары трансплантацияға қолданыла береді.
Қазақстанда органдарды трансплантациялау отасы жасалып келе жатқанына 30 жылдан астам уақыт болды. Органдарды транспланттау мәселелерін үйлестіруді өңірлік өкілдіктері бар транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталық жүзеге асырады.
Қазақстанда жүрек, бауыр, өкпе, ұйқы безі, бүйрек және мөлдір қабық трансплантациясы жүргізіледі. Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстанда да бүйректі ауыстыру жиі жүргізіледі. Трансплантология бойынша операциялардың шамамен 72,2%-ы дәл осы органға түседі. Сонымен қатар, елімізде көбінде ұйқы безін трансплантациялау операциялары жасалады екен. Барлық хирургиялық араласулар арасында осы органды трансплантациялау операцияларының үлесі шамамен 0,3%-ды құрайды.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 210-бабына және 212-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тірі адам және қайтыс болған адам донор бола алатыны жазылған. Яғни, егер сіз көзіңіз тірі кезінде Egov.kz порталына кіріп, донор болудан бас тартамын деген құжатты толтырмасаңыз және сіздің туыстарыңыз сіздің донор болуға қарсылығыз туралы білмесе, сіздің органдарыңыз басқа адамның өмірін құтқаруға қолданылады.
Жоғарыда аталған баптың 3-тармағында бұл "Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын және тiндерiн трансплантаттау үшін алуға, егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін осы тармақтың екінші бөлігінде аталған өзге адамдар оның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) алуға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдегенінен хабардар болса, жол берілмейді" деп айқындалған.
Мінсіз жағдайда мидың өлімінен кейін бір донор
7 адамды құтқара алады екен. Яғни, трансплантацияланған жүрек бір адамды құтқарса, екіншісінің бауырын, үшінші және төртінші адамның бүйрегін, бесінші және алтыншы адамның өкпесін, жетінші адамның ұйқы безінің трансплантациясы болуы мүмкін.
Трансплантология бойынша операциялар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және Денсаулық сақтау министрлігімен толық бақыланады, ал органдарды сатып алуға және сатуға тыйым салынады. Бұл үшін жауапкершілік сатушыға да, сатып алушыға да жүктеледі.
Елімізде донор болу ерікті түрде жасалатын таңдау және ол үшін ешкім ешкімге ақы төлемейді. Қазақстанда органдарды сатып алуға да, сатуға да тыйым салынған және заңмен жазаланады.
Ислам дінін біздің ата-бабамыз ұстанған. Сондықтан кез келген қазақстандық дін шеңберінде шығарылған үкімге міндетті түрде құлақ асады.
Егер кімде-кім сол Алланың құрметті әрі ардақты еткен адам баласын өлімнен құтқарылуына себепкер болатын болса, оның сауабы мен артықшылығын санап түгесе алмайтынымыз ақиқат.
Егер адамның мүшесін ауыстыру өлімге алып барса, мысалы жүрек секілді, онда донор рұқсат берсе де, бермесе де харам болады. Өйткені оның берген рұқсаты өзін-өзі өлтіргенмен тең. Ал рұқсат етпесе, онда ешбір айып-сыз адамды өлтірген болады. Бұл екеуі де шариғатта бекітілгендей - харам.
Сонымен қатар, егер ағзасын ауыстыруы өлімге алып бармайтын болса, (яғни ол мүшесіз өмір сүре алатын болса) яғни, ағза мүшесін ауыстырумен іске жарамсыз болып қалса, донар рұқсат берсе де, бермесе де харам болады. Мысалы, екі қолды немесе екі аяқты ауыстыру, онсыз адам өмірлік кәсібін жасай алмайды. Сондықтан бұл жағдайда ағзаны ауыстыру харам болмақ. Ал екі көздің бірін немесе екі бүйректің бірін, тістердің бірін, қанның кейбір бөлігін ауыстыру болса, онда кісінің рұқсатынсыз ғана харам болады. Тіпті көпшілік ғалымдар оның рұқсатымен болса да харам болады деді. Бұл нәрселер фиқһ кітаптарында адамға және оның мүшелеріне зиян келтіру жайында нақты баяндалған.
Следующая →
Бүйрек ауыстыру отасы жиі жасалады

- Шығыс Қазақстан облысында органдарды трансплантациялау бойынша операциялар жүргізілмейді, өйткені біздегі орталық осындай қызметке рұқсат етілген республикалық емдеу ұйымдарының тізбесіне енгізілмеген. Біздің аймақтың тұрғындары аталған операциялар үшін Алматы қаласындағы Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығы немесе Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына барады. 2018 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы мамандарымен бірлесіп "шеберлік сыныбы" тәртібінде тірі туыс донорлардан бүйректің екі трансплантациясы жүргізілді. Нәтижесі сәтті, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Елмира Рахимбаева.Денсаулық басқармасын-дағылар атап өткендей, біздің өңірде бүйрек трансплантациясы бойынша операцияларды жүзеге асыра алатын бір мультидисциплинарлық топ (екі хирург дәрігер, бір анестезиолог-реаниматолог, бір нефролог дәрігер, бір зертханашы дәрігер және функционалдық диагностика дәрігері) дайындалған.
Ағза ауыстыруды қажет ететіндер көп
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 210-бабына және 212-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тірі адам және қайтыс болған адам донор бола алатыны жазылған. Яғни, егер сіз көзіңіз тірі кезінде Egov.kz порталына кіріп, донор болудан бас тартамын деген құжатты толтырмасаңыз және сіздің туыстарыңыз сіздің донор болуға қарсылығыз туралы білмесе, сіздің органдарыңыз басқа адамның өмірін құтқаруға қолданылады.
Жоғарыда аталған баптың 3-тармағында бұл "Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын және тiндерiн трансплантаттау үшін алуға, егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін осы тармақтың екінші бөлігінде аталған өзге адамдар оның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) алуға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдегенінен хабардар болса, жол берілмейді" деп айқындалған.
- Органдарды трансплантациялаудың басты қиындығы - донорлық органдардың жоқтығы. Қазіргі уақытта "Күту парағына" барлығы: бүйректі ауыстыруды қажет ететіндер - 248 емделуші, бауыр - 15 емделуші, жүрек - 7 емделуші тіркелді, - дейді Елмира Жанатқызы.Мидың қайтыс болғанынан кейін 6 сағатқа созылатын бақылау кезеңі басталады. Осы кезде дәрігерлер қайтыс болған адамның бойындағы органдарын механикалық желдету аппараттарын қолдану арқылы тірі күйінде сақтап тұрады.
Мінсіз жағдайда мидың өлімінен кейін бір донор
7 адамды құтқара алады екен. Яғни, трансплантацияланған жүрек бір адамды құтқарса, екіншісінің бауырын, үшінші және төртінші адамның бүйрегін, бесінші және алтыншы адамның өкпесін, жетінші адамның ұйқы безінің трансплантациясы болуы мүмкін.
Трансплантология бойынша операциялар бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және Денсаулық сақтау министрлігімен толық бақыланады, ал органдарды сатып алуға және сатуға тыйым салынады. Бұл үшін жауапкершілік сатушыға да, сатып алушыға да жүктеледі.
Елімізде донор болу ерікті түрде жасалатын таңдау және ол үшін ешкім ешкімге ақы төлемейді. Қазақстанда органдарды сатып алуға да, сатуға да тыйым салынған және заңмен жазаланады.
Шариғи үкім қандай?
Ислам дінін біздің ата-бабамыз ұстанған. Сондықтан кез келген қазақстандық дін шеңберінде шығарылған үкімге міндетті түрде құлақ асады.
Егер кімде-кім сол Алланың құрметті әрі ардақты еткен адам баласын өлімнен құтқарылуына себепкер болатын болса, оның сауабы мен артықшылығын санап түгесе алмайтынымыз ақиқат.
- Жалпы трасплантация жасау, яғни бір адамның (тірі болсын, мейлі өлі болсын) кейбір ағзаларын екінші бір адамға ауыстырып, қондыру рұқсат етіледі. Алайда бұл амал адамды қорламайтын дәрежеде және белгілі бір шарттары толық орындалған жағдайда ғана рұқсат бар. Бұл амал Құранда айтылғандай, бір адамды өлімнен құтқару - барша адамды құтқарумен тең, - деп атап өтті Халифа Алтай облыстық мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев. - Алла тағала былай дейді: "Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең" [Маида сүресінің 32-ші аяты]. Адамның денсаулығына қатер төнген жағдайда тіріден тіріге ағзаларды тарансплантация жасау рұқсат болғандай, зәру болған жағдайда өлген адамның ағзаларын тірі адамға да ауыстыруға болады. Өйткені өлген адам Құран мен хадисте айтылғандай, тірі адаммен бірдей құрметке лайық болады. Әрі өлгеннен кейін мүшелерін басқа біреуге ауыстырған жағдайда да оның құрметі төмендемейді.Донордың өзіне немесе өлгеннен кейін мирасқорларына ағза өтемі ретінде материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету шартымен, сауда-саттық, пайда табу секілді мақсаттар көзделетін болса, трансплантация жасау рұқсат етілмейді. Ал жалпылама алғанда, тіріден тіріге немесе өліден тіріге ағзаны ауыстыру үшін арнайы шарттары бар. Онымен Қазақстан діни мұсылмандары басқармасының ресми парақшасынан кеңінен ақпарат алуға болады.