Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Үлкен Нарында туристік ақпарат орталығы ашылмақ

ТАО (туристік ақпарат орталығы) өңірге аяқ басқан барша қонақтарға мейлінше толыққанды ақпарат беріп, барлық қажетті жағдайды жасамақ

Шығыстың ең көрікті, ең сұлу тұмса табиғаты бұзылмаған өлкесі Қотан қарағай екенін барлығы біледі, оны шетелдіктер де мойындайды.

Алайда бұл ауданға алыс-жақыннан асығып келетін туристердің қарасы жыл он екі ай бойы Алматыны орай жатқан Алатауға ағылатын қонақтардан аз. Ауданда туризм саласының кенжелеп қалғаны рас.

Десе де, Катон қарағайға жаңадан келген жас әкім Ділдар Қалиқанұлы осы ақсап тұрған саланы дамытуға білек сыбана кіріскен сыңайлы.

Көп ұзамай аудан орталығы Үлкен Нарында туристерге арналған ақпарат орталығы ашылмақ. ТАО (туристік ақпарат орталығы) өңірге аяқ басқан барша қонақтарға мейлінше толыққанды ақпарат беріп, барлық қажетті жағдайды жасамақ.
- Біз оны Үлкен Нарын ауылының шетінен өтетін күре жолдың бойына салуды жоспарлап отырмыз. Оның үстіне аудандық автобус бекеті де сол жерде орналасқан. Ғимараттың көрнекі жерде салынғаны өте ыңғайлы болмақ. Ішінде туристердің мұқтаждығын өтейтін не керектің бәрі болады, - деді ауданның жас әрі жаңа басшысы Ділдар Қалиқан.

Следующая →