Семейде студенттерге 110 орындық жаңа жатақхана салынды
Семей қаласында 30 мыңнан астам студент білім алатын 4 ЖОО мен 28 колледж орналасқан
Семей қаласына өзге қалалар мен ауыл-аймақтардан келген жастарды орналастыру үшін 20 жатақхана қарастырылған. Бірақ шаһарға келуші жастар саны көп болғандықтан бұның өзі жеткіліксіз көрінеді.
Семей қаласы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жаңа нысандардың салынуына сұраныс бар. Бүгінде студенттік жатақханалар мен жеке меншік мектептер салу бойынша білім саласындағы инфрақұрылымдық даму бағдарламасының операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы болып табылады. Акционерлік қоғам тарапынан мемлекеттік тапсырыс орналастырудың арнайы механизмі дайындалды, ол жатақханалардағы жаңа орындар үшін мемлекет тарапынан құрылыс ұйымының шығындарын жартылай немесе толық төлеуді қарастырады.
Следующая →

- Жақында мен аталған бағдарлама аясында салынған жатақханаға барып, танысып қайттым. Нысан 110 орынға арналған, барлық стандарттарға сай және студенттерді қабылдауға толығымен дайын, - дейді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.