Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Желден келген шығынды кім өтейді?

Аягөз ауданында соғатын желдің жылдамдығы қатты ма, әлде құрылыс нысандары әлсіз бе?..

Жыл сайын Аягөз ауданында желдің ұйытқуынан төтенше жағдайлар жиі орын алады. Бұл жайлы Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі хабарлап отыр. 
- "Қазгидромет" РММ облыс бойынша филиалының деректеріне сүйенсек, Аягөз ауданында желдің ең жоғары жылдамдығы кейбір жерлерде 28 м/с құрайды. Статистикаға сәйкес, жыл сайын тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени ғимараттардың шатырлары мен төсеніштері бұзылып, электр сымдары үзіліп, бұл халыққа қолайсыздық тудырып, айтарлықтай материалдық шығындарға әкеледі. Кейбір жағдайларда, өкінішке орай, адам жарақатына себеп болады, - дейді Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімнің мамандары. 
Биыл екпіні 18-22 м/с жеткен қатты желдің салдарынан 3 төтенше жағдай тіркелді. 
- 2021 жылдың 19 мамырда екпіні 20 м/с болған қатты желдің салдарынан Аягөз қаласы Д. Бабатайұлы орта мектебі ғимаратының шатыры ішінара бұзылды, шатыр жабынының жалпы ауданы 613 шаршы метрді құрады. 9 тамызда 22 м/с жылдамдықпен соққан екпінді жел Айғыз ауылындағы Айғыз орта мектебінің шатырын қиратқан. Саяхат көшесінде орналасқан екі жер үйдің бірінің шатырын толығымен ұшырып, бірінікін ішінара қиратқан. Үшінші оқиға 12 тамызда болды. 18 м/с ұйытқи соққан екпінді жел салдарынан Мадениет ауылының Е. Рахмадиев атындағы орта мектеп ғимаратының шатыры ішінара бұзылды, ауданы 600 шаршы метрді құрады, - деп хабарлайды аудандық төтенше жағдайлар бойнша қызметі.
Қатты желдің салдарынан келтірілген залалдың шығынын Аягөз аудандық әкімдігі есептеп, орнын толтырады. 
- Аягөз қаласы Д. Бабатайұлы атындағы орта мектеп ғимаратының шатыры қалпына келтіріліп қойды. Айғыз және Мәдениет ауылындағы мектептердің ғимараты облыстық Білім басқамасына қарағандықтан, біз оларға тек қатты желдің зақым келтіргені туралы құжат дайындап, жолдаймыз. Оның барлығы облыстық Білім басқармасы бөлген бюджет есебінен қалыпқа келтіріледі. Ал Айғыз ауылындағы тұрғын үйге келген шығынды есептеу үшін аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, бағалау жұмыстарын жүргізді. Енді комиссия шешіміне сәйкес қаражат бөлінеді, - деп түсіндірді аудан әкімі аппаратының мамандары. 
 Аягөз ауданының ТЖ бөлімі Аягөз өңірінің тұрғындарына жел күшейген жағдайда "112" құтқару қызметінің хабарламаларын елеусіз қалдырмауды, өте мұқият болуды, әлсіз бекітілген және тозған құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр беру желілеріне жақындамауды ұсынады.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Аягөз ауданы Жел