Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Шемонаихада екі отбасы панасыз қалды

Шемонаиха ауданында екі тұрғын үй өртеніп кетті

Жексенбі күні Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылы, Убинска көшесінде жапсарлас салынған қос үй қызыл жалынға оранып, 2 отбасы баспанасыз қалды. Тілсіз жау 160 шаршы метр аумақты шарпыды. Абырой болғанда тұрғындар аман. 
 
Степановтар отбасының 3 мүшесі, Мартыновтар отбасының 5 мүшесі баспанасыз далада қалды. Отбасы мүшелері дін аман. Өрт 22 тамыз күні сағат 12.30 шамасында басталып, 23 тамыз күні түске таман әрең ауыздықалған. Қызыл жалын 160 шаршы метр аумақты қамтыған, бас-аяғы бір сағаттың ішінде екі үйдің де күлі көкке ұшқан. Тілсіз жаумен күреске барлығы өрт сөндіру қызметінің 4 бірлік техникасы және жеке құрамнан 11 адам жұмылдырылған. ШҚО бойынша ТЖД мамандары мәлімдегендей, өрттің шығуына қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болды деген болжам бар. Мамандар тергеу жұмыстарын әлі жалғастыруда. 

Қазір зардап шеккен бір отбасы ата-анасының үйін, екінші отбасы қарындасының үйін паналауға мәжбүр. Ең бастысы барлығының аман қалғандығына шүкір етеді үй иелері. 
- Біз үйде отырғанбыз, бәрі аяқ асты болды. Өрт көршіміз Петровичтердің үйіннен бас-тау алды. Қызыл жалынды көріп, көршінің үйіне жүгіріп барғанымызда, үйлерінің есігінде құлып тұрды, ешкім жоқ екен. Өрт іштен шығып жатты. Содан бірден өрт сөндірушілерге хабарластық. Олар келгенше біздің үйді де қызыл жалын басып алды. Үйден түк қалмады, бәрі өртеніп кетті. Ештеңе істей алмадық, бәрі жылдам болды, - дейді үй иесі Наталья Мыльцева.
Аудандық төтенше жағдайлар бойынша бөлім қызметкерлері қолдарынан келгенін жасап баққандарын айтты. Алайда ағаштан салынған үй қас қағым сәтте қызыл жалынға оранған. Өрт шыққан үйдің есігінің құлыптанып тұрғаны да құтқарушыларды біраз әбігерге салған екен. 
- Біз оқиға орнына келгенде жанып жатқан үйдің иелері жоқ екен. Өрт үй ішінен шыққан. Өрт шыққан үй толығымен жанып кеткен, екінші үйдің шатыры, сырты толық өртке оранды. Жалпы өрт 160 шаршы метр аумаққа жайылды, - дейді Шемонаиха аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Арман Наурызбаев.
Жергілікті билік өкілдері оқиға орнына жедел барып, жағдайды көздерімен көргендіктерін мәлімдеді. Қазіргі уақытта тұрғындарға түрлі көмек көрсетіліп жатыр екен. 
- Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлерден қаржы жиналып жатыр. Әр отбасыға 500 мың теңгеден көмек табысталады. Жергілікті әкімдік пен мектеп ұжымы сабаққа қажетті құралдар мен балаларға мектеп формасын алып береді, - дейді Шемонаиха аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсия Ғабдуллина.  
Өңіріміздегі түрлі қайырымдылық қорлары да қарап қалмады. "Көп түкірсе -
көл" дегендей, зардап шеккен отбасылардың атына жеке есепшоттар ашылды. Қазіргі уақытта жан-жақтан көмек қолын созған азаматтар тілсіз жаудан зардап шеккен екі отбасыға қаржылай, киім-кешекпен және азықпен көмек көрсетіп жатыр. 
Облыстық ТЖД болса, жерлестерімізді қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Алда жылыту маусымы келе жатқандықтан от жаққанда абай болу қажеттігін ескертеді.

Көмек көрсету үшін:
Halyk Bank картасы (Мыльцева Наталья Степановна) 4405 6398 0471 2246
"Сбербанка" картасы (Мыльцев Леонид Петрович) 4263 4333 3335 9161
Kaspi Gold картасы 
(Котельникова Татьяна Дмитриевна) 8(777)179-05-43
Kaspi Gold (Сергей Мартынов) 87714373886
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Шемонаиха Өрт Көмек