Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +25°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл ШҚО-да үш мыңнан астам адамды кене шаққан

Олардың көпшілігі өскемендіктер, сонымен қатар Риддер және Катонқарағай аудандарының тұрғындарын да жиі кене шағады екен

Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша облыстың эндемиялық аумақтарында кене шағуына барлығы 3272 адам шағымданған (Өскемен қ. – 1429, Риддер қ. – 627, Катонқарағай ауданы – 418, Алтай ауданы – 357, Глубокое ауданы – 237, Шемонаиха ауданы – 152, Ұлан ауданы – 26, Зайсан ауданы – 15, Көкпекті ауданындағы  Самар аумағы – 11 тұрғын).

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2020 ж. – 3551) кене шағуының 7,9%-ға төмендегені байқалады. Кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінген адамдардың арасында кене инфекциясы бойынша ауру жағдайлары тіркелген жоқ. 2021 жылдың эндемиялық маусымы басталғаннан бері Риддер, Өскемен қалаларының және Глубокое, Катонқарағай аудандары аумақтарында кене энцефалитінің 7 расталған жағдайы тіркелді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыста иксодты кене боррелиозының (Лайм ауруы) 6 жағдайы тіркелген, оның ішінде 5 жағдай Өскемен қаласында, 1 жағдай Риддер қаласында анықталды. Айта кетейік, кене инфекцияларымен ауырғандардың ешқайсысы кене шағу туралы медициналық көмекке жүгінбеген.

Кене энцефалитінің алдын алу мақсатында иммуноглобулин дәрілік затын кене шағудан зардап шеккен 2794 (86%) адам алды, қалған 14%-ы түрлі себептерге байланысты алмаған. Оның себептері келесідей: препаратты егу  тиімсіз болып табылатын кеш мерзімде медициналық көмекке жүгінген, кене энцефалитіне қарсы вакцинация алған, жәндіктің шағуы кене энцефалитімен сырқаттанушылық қаупі жоғары аумақтарда орын алған және т.б.

Облыста кене шағу маусымы сәуірден қыркүйекке дейін созылады, ең белсенді уақыты мамыр-маусым айларына келеді. Жыл сайын иксодты кенелер белсенділігінің екінші толқыны тамыз айының соңынан басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Күзгі толқын көктемге қарағанда баяу қарқында өтеді, күзде шағу жағдайы сирек кездеседі, дегенмен сақтану шараларын ұстану қажет. Себебі бұл қан сорғыш жәндіктер тек кене энцефалитінің ғана емес, сонымен қатар басқа кене инфекцияларының да қоздырғышы болып табылады (мысалы, иксодты кене боррелиозы, кене риккетсиозы және т.б.).

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді жолы кененің қан соруына жол бермеу  екенін ескертеді. Ол үшін қарапайым сақтық шараларын орындап: кененің адам терісіне тікелей жанасуын шектейтін киім кию, репелленттерді (үркітетін құралдарды) қолдану, табиғат аясында уақыт өткізген жағдайда өзін және қасындағыларды мұқият тексеру.
Следующая →