Нұр-Сұлтан полициялары той өткізгендерді Instagram арқылы анықтады
Қалалық Полиция департаменті мәлімдегендей, дүркіреген тойға танымал блогерлер қатысқан және олар жауапқа тартылады
Желіде қазақстандық блогерлердің тойынан фото мен видеолар тарап кетті. Бұл жайт бірден елорда полициясының назарына ілікті. Тәртіп сақшылары мерекелік шараның өткізілуіне жауапты адамдардың жазаланатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Instagram желісінде тараған кадрлар отандық танымал блогер Ислам Жанабыловтың үйлену тойы кезінде жасалғаны белгілі болды. Желі жұлдызы Айханым есімді арумен шаңырақ көтерген.
Жас жұбайлар мерекелік шара өткен соң, өз парақшаларында қуаныштары кезіндегі ерекше фотолармен бөліскен болатын.
Күйеужігіт тіпті Stories бөлімінде оқырмандарына тойы қалай өткенін көрсеткен.
Мерекеге көптеген қонақтар, сонымен қатар әртістер мен бишілер қатысты. Той мейрамханада өтті.
Бұл той қонақтарының ешқайсысы бетперде тақпаған. Әлеуметтік қашықтық сақталмаған. Елордалық полиция бұл оқиға бойынша түсініктеме берді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары той жасағаны үшін кім жазаланатынын айтты.
Следующая →

- Инстаграм әлеуметтік желісінің мониторингі кезінде полицейлер қазақстандық блогерлердің қатысуымен үйлену тойында түсірілген видеоны жариялады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген қолданыстағы тыйымға қарамастан, бұл той кең ауқымда өтті. Үйлену тойы астананың сол жағалауындағы Қорғалжын тас жолындағы мейрамханада өткені анықталды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ІІБ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары той жасағаны үшін кім жазаланатынын айтты.
- Мейрамхана иесіне, блогерге және тойдың басқа қатысушыларына қатысты жиналған материал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті карантинді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және санитарлық нормалардың сақталуын еске салады, - деп қорытындылады полиция департаментінде.
Тақырыптар:
Наружение карантина ДП Нур-Султана Коронавирус в Казахстане Ограничительные меры в Казахстане