Үржардағы Өркен ауылының тұрғындары атырапты малға толтыруды көксейді
"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің" маңызын жете түсініп, кәсібінің нәсібін теріп жүрген азаматтар халықтың әлеуметтік тұрмыстық ахуалын жақсартуға күш салуда
Мәселен, Өркен ауылдық округіне қарасты "Бақ-Дәулет" шаруа қожалығының өзі ондаған азаматтарға жұмыс тауып беріп отырған шаруа құрылымы. Ерлі-зайыпты Дәулет пен Бану Мұқышевтар бүгінде мыңдап мал өргізіп, пайдасын да көріп, ауыл халқына қызмет етіп отырған жандар. Сондай-ақ, олар ауыл орталығындағы халыққа қызмет етіп тұрған азық-түлік дүкені, тойхана секілді әлеуметтік нысандардың иесі. Бүгінгі күні "Бақ-Дәулет" шаруа қожалығының иелігінде 500-дің үстінде жылқы, 2000-нан астам қой, 200-ге тарта сиыр бар. Осындай үлкен істер атқарып келе жатқан ерлі-зайыпты жандарға жерлестері дән риза.
Жуырда Өркен ауылына ұялы байланыс орнады. Жұрт ауызсудың тапшылығынан құтылып, халықтың түйткілді мәселелері біртіндеп шешіле бастады. Жалпы, шалғайда жатқан шаруашылықтың бүгінгі ахуалы жақсы деуге болады.
Ал тарқатып айтар болсақ, бұрынғы Бақанас, бүгінгі Өркен ауылдық округі деп аталатын өңірдің тарихы тереңде. Бақанас қой сов-хозы 1974 жылдың жазында Көксала өзенінің төменгі сағасына орналасқан. Батысында Орта Қарауыл төбесі мен Бақанас өзені ағып өтетін болса, шығысында Ақ ирек деп аталатын адыр бар. Кезінде 60 мың саулық қой, 500 бас ірі қара, 400 бас жылқы малы өрісте жусап, 10 мың басқа дейін мал бордақылау кешендері жұмыс істеп тұрды. Ақ қойдың еті мен жүнінен қырғын табыс табатын ауыл сол тұста облысқа, қала берді республикаға танымал болатын...
Бүгінгі күні мұнда 35 шаруа қожалығы жұмыс жасап келеді. Өркендіктер өрісі кең өлкедегі мұндай атырапты малға толтыруды көксейді. Бұған толық жағдай жасалған. Ауыл әкімі Ғалымжан Ақылжанов осы жердің тумасы. Туған жерінің ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатқан азамат. Осы жерде еңбек жолын бас-тады. Аудан басшыларының қолқалауымен туған ауылына әкімдікке тағайындалған. Оған да бір жылдың жүзі болды. Жалпы, өскен еліне, туған жеріне жаны ашитын азамат деп біледі мұндағылар.
Следующая →
- "Бақ-Дәулет" шаруа қожалығы жыл сайын әлденеше миллиондап мемлекет берген субсидияның пайдасын көріп отыр. Мұқышевтар мемлекет берген жеңілдіктердің арқасында "ҚазАгроҚаржы" арқылы лизингке жаңа техникалар алып отырғаны рас. "Бақ-Дәулет" шаруа қожалығы 2016 жылы екі бірдей "МТЗ-80" және "МТЗ-82" тракторларын алды. Сол сияқты, "МТЗ-952" деген жаңадан шыққан тракторды өз қаржысына алып келді. Жалпы, жырақта жатқан Өркен ауылдық округінде малын өсіріп, пайдасын көріп отырған шаруа құрылымдары баршылық. Мәселен, "Айша", "Нұртөлеу", "Қайсар", т.б. шаруа қожалықтары мемлекет берген жеңілдіктерді тиімді пайдаланып отыр десек, қателеспеймін, - дейді ауыл әкімі Ғалымжан Ақылжанов. - Қазіргі күні Болат Бөрібаев, Жанболат Божақов, Дина Рақымбаевалар да қол қусырып қарап отырмай, қожалық ашып, мал өсіруде.Жер көлемі 470 842, шабындығы 4831 га, жайылымдық жері 337 476 гектар болатын Өркен ауылдық округінде ата-баба кәсібі - мал өсіріп отырған ағайынның ұпайы түгел.
Жуырда Өркен ауылына ұялы байланыс орнады. Жұрт ауызсудың тапшылығынан құтылып, халықтың түйткілді мәселелері біртіндеп шешіле бастады. Жалпы, шалғайда жатқан шаруашылықтың бүгінгі ахуалы жақсы деуге болады.
Ал тарқатып айтар болсақ, бұрынғы Бақанас, бүгінгі Өркен ауылдық округі деп аталатын өңірдің тарихы тереңде. Бақанас қой сов-хозы 1974 жылдың жазында Көксала өзенінің төменгі сағасына орналасқан. Батысында Орта Қарауыл төбесі мен Бақанас өзені ағып өтетін болса, шығысында Ақ ирек деп аталатын адыр бар. Кезінде 60 мың саулық қой, 500 бас ірі қара, 400 бас жылқы малы өрісте жусап, 10 мың басқа дейін мал бордақылау кешендері жұмыс істеп тұрды. Ақ қойдың еті мен жүнінен қырғын табыс табатын ауыл сол тұста облысқа, қала берді республикаға танымал болатын...
Бүгінгі күні мұнда 35 шаруа қожалығы жұмыс жасап келеді. Өркендіктер өрісі кең өлкедегі мұндай атырапты малға толтыруды көксейді. Бұған толық жағдай жасалған. Ауыл әкімі Ғалымжан Ақылжанов осы жердің тумасы. Туған жерінің ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатқан азамат. Осы жерде еңбек жолын бас-тады. Аудан басшыларының қолқалауымен туған ауылына әкімдікке тағайындалған. Оған да бір жылдың жүзі болды. Жалпы, өскен еліне, туған жеріне жаны ашитын азамат деп біледі мұндағылар.
- Орталықтан жырақта жатқан елді мекен болған-дықтан, аудан басшылығы бұл өңірге жете көңіл бөліп, назарда ұстауға тырысады, - деді ол. - Мыңға тарта тұрғыны бар ауылымызға жуық арада ұялы байланыс орнатылды. Бір сөзбен айтқанда, өрісі кең өлке - Өркен ауылдық округінде мал өсірумен айналысып, көл-көсір пайдасын көріп келе жатқан шаруа құрылымдары баршылық.