Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Табиғаттан нәр жинап, нәпақа терген жандар жаздың әр күнін тиімді пайдалануға тырысады. Сондай жандардың бірі - онаурызшылар. Олар ой мен қырға ара салып, бал шығарып, өз шаруашылықтарын дөңгелетуде
Даму жоқ па?
- Біз сияқты жеке кәсіпкерлерге онаурызшылықты дамытуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Бізге субсидия берілмейді. Қазақстан Онаурызшылар ассоциациясына мүшелік етуімнен ешқандай пайда болмайды. Онымен қоймай, біздің өңірдегі аралардың 95%-ы Өзбекстан, Қырғызстан сияқты көрші елдерден әкелінеді. Яғни, жергілікті онаурызшылардың аралардың үйірін (пакет) ерте көктемде Өзбекстаннан әкелінген үйлерден алады. Жыл сайын ол жақтан елімізге 100 мыңға жуық пакет келеді. Олардың басым көпшілі ауру аралар. Олар келесі жылға дейін шыдамайды. Ал біз өзіміздің жергілікті бал өндіруші араларды сата алмай отырмыз. Себебі көрші елдерден әкелінген аралар біздікінен әлдеқайда арзан. Ал біз қыстан оларды аялап шығарғандықтан, оларды арзан бағаға сатпаймыз, - дейді онаурызшы.Сондай-ақ, онаурызшы Алексей Виноградов 2020 жылы зімбір мен қойдың майын халық таласа алғанымен, бал өніміне сұраныстың аз болғанын айтады.
- Еліміздің солтүстік, шығыс өңірлерінде қыс ұзақ, жаз қысқа, ал оңтүсіктен келген аралар ол жақта қыстың жоқтығынан ерте оянып, бал жинауға ерте араласады. Ал өз еліміздің жылы өңірлері, Шымкент, Түркістан сияқты жерлерде ара ұяларын көбейту үшін қаржылай салым, оларды күтіп баптайтын білімді әрі білікті мамандар қажет. Бұл үлкен жобаға айналады. Әзірге оны қолға алу мүмкін емес, - деді Қазақстан Онаурызшылар Ассоциациясының төрағасы, "Пасека" шаруа қожалығының басшысы Валерий Касымбаев.Ал бір кездері онаурызшылықпен айналысқан өскемендік Қуаныш мырза аралардың қай өңірден әкелінгенінде еш айырмашылық жоқ екенін алға тартады.
- Аралар бала сияқты күтім мен махаббатты қажет етеді. Оларды қай жақтан әкелінгенінде ешқандай айырмашылығы жоқ. Бастысы ұяның ішінде не болып жатқанын бақылауда ұстай алу, араларды баптап, асырай алу. Мен ара шаруашашылығымен айналысқан тұста байқағаным: аралар міндетті түрде көктемде ауырады. Ал ауырған аралар бал жинауға жарамсыз болып қалады. Сондықтан ұяларды қайта жаңартуға тура келеді, - деп қосты онаурызшылықтың қызығы мен шыжығының дәмін татқан Қуаныш мырза.
Карантиннің кесірі
- 2020 жыл пандемияға байланысты өте күрделі жыл болды. Себебі онаурызшылық маусымдық кәсіп болғандықтан, оған дайындық жұмыстары оңтүстік өңірлерде ақпан айынан басталады. Наурыз айында алғашқы тозаң шырындары алына бастайды. Наурыз-сәуір айларында алғашқы алма ағашы гүлдейді. Маусым айында ең бірінші балды шайқау кезеңі басталады. Былтыр осы уақыт пандемия кезіне келді де, онаурызшылық қиындыққа ұшырады. Өткен жылы бірінші шайқауды жіберіп алдық. Оны біздің тілде "мамыр балы" деп атайды. Ең бір тез сіңімді, дәруменге бай, емдік қасиеті жоғары бал. Енді орта есеппен жылына 8 мың тоннадай бал өндірілсе, соның 2 мың тоннасы бірінші шайқаумен кетті деуге болады. Одан бөлек, ішкі нарықта сұраныс 90%-ға дейін төмендеп кетті, шекара жабылғандықтан экспорт 100% тоқтап қалды. Осы және басқа да себептің барлығын орташа есеппен алар болсақ, 100 онаурызсы бар онаурызшының осы жылдағы шығыны айына 580 мың теңгені, ал жылына 7 миллион теңгені құрады. Бұл жалпы көлемі 6,9 миллиард теңгеге шығып отыр, - деді ол.Алайда еліміздің 120 ірі бал өндіруші шаруалары мүшелік етіп отырған Қазақстан Онаурызшылар Ассоциациясының төрағасы мұндай ауқымды проблемалар болмағанын алға тартады.
- 2020 жыл өндірістің қай саласына болмасын оңай тиген жоқ. Онаурызшылар үшін бұл жылы ешқандай даму болған жоқ, бірақ бұл онаурызшылық тоқырауға ұшырады деген сөз емес. Тауарларды шетелдерге экспорттау кезінде қиындықтар болды. Мысалы, Қытай еліне бал өнімдерін жеткізу үшін шекарада жарты жылдай кезекте тұрдық. Монғолия елінде шекараға жеткізілген өнімді тура сол шекарада түсіріп, екінші жақтан келген көлікке тиедік. Мұнда да қосымша шығын, жұмыс күші қажет болды. Бірақ бұл біздің бал өндіруімізге және оны саудаға шығаруымызға қатты кедергі болмады, - дейді Қазақстан Онаурызшылар Ассоциациясының төрағасы, "Пасека" шаруа қожалығының басшысы Валерий Касымбаев.Ара өсіруде ауа райының қолайсыздығы да кедергі келтіруі мүмкін. Жайсыз ауа райында аралар алаңдайды екен. Күн райы жәндіктердің еңбекке қабілеттілігіне ғана емес, олардың көңіл-күйіне де әсер етеді.
- Биылғы ауа райының қолайсыздығы, қуаңшылық бал өнімін өндіруге қалай әсер ететінін білмейміз. Онаурызшыға қажетті тауар - балды жинау үшін бір ара ұясы қанша бал шығаратыны белгісіз болып тұр, - деп қосты Қазақстан Онаурызшылар Ассоциациясының төрағасы.
Бал өндіруге білім қажет
- Онаурызшылықпен көбінде орта жастан асқан адамдар айналысады. Жастар бұл іске қатты әуес емес. Дегенмен онаурызшылықты дамыту үшін ауылшаруашылық колледждерінің жанында арнайы "онаурызшылық" мамандықтары бар. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының жанында жас онаурызшыларды оқытуға бағытталған "Білімді дамыту орталығы" жұмыс істейді. Ол жерге білімі мен біліктілігін арттырғысы келген кез келген онаурызшы барып, тәжірибе жинап, білім ала алады, - деп қосты Валерий Касымбаев.
Мемлекеттің қолдауымен...
- Біздің үш ұлымыз бар. Үлкені 10 жаста, ортаншысы 7 жаста, кішісі 2 жаста. Осы уақытқа дейін мен үй шаруасымен ғана айналысып отырдым. Кез келген адам өз ісін бастап, өзіне-өзі жұмыс істеп, жағдайын жақсартуды армандайтын шығар. Бізде де сондай ой болды. Осы уақытқа дейін ай сайын атаулы әлеуметтік көмек алып жүрдік. Биыл өзіміздің бизнес жоспарымызды құрып, мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болдық, - дейді Еркежан Қиятова.Осылайша, Қайсановтар отбасы мемлекеттен қайтарымсыз 583 мың теңге грант алып, ол ақшаға 12 ара ұясын сатып алған. Бірақ бұдан бөлек олар өз қаражаттарына арнайы киім және басқа да керек-жарақ заттарын алыпты.
- Біздің өңір таулы аймақ болғандықтан ең бірініші ауыл ішіндегі гүлдер гүлдейді, сол кезде біз араларды ауылда ұстаймыз. Жаз ортасында ауылдағы гүлдер солып, таудағы гүлдер бүр жара бастайды, сол кезде араларды тауға көшіреміз. Біз ара шаруашылығымен енді айналыса бастадық. Сондықтан араларды қыста сақтап көрмедік. Келесі жылы сапалы, таза бал алу үшін біз тамыз айының соңына таман бал жинауды тоқтататын шығармыз, - дейді Еркежан Қиятова.Аралар қыста көбеймейді, керісінше, суықтан өзін сақтап шығады. Күн жылынғанда көбейе бастайды, бал жинайтын қарт аралар орнын жас араларға береді екен.
- Осы уақытқа дейін біз шамамен 100 келі бал шығардық. Интернеттің арқасында өндірген балымызды Өскемен және Алматы қалаларына саммық. Алғашқы табысымыз өзімізге жетеді. Ойлаған ойымыздан шықты, - дейді шаңырақтың шырағы Еркежан.Биылғы маусымды табиғи аномалиялық құбылыстар да қиындатып отырғанға ұқсайды. Өйткені күн райының қас-қабағына қарап отырған онаурызшыларды көктем кезінде әдемі болып жарқырап тұрған ашық күннің аяқ астынан күрт құбылып жаңбыр немесе бұршақ жауып кетіп жатқаны алаңдатады. Уақытында араларды жинап алмаса, мұндай жауын-шашыннан үйірдің 50-60 пайызы қырылып қалуы мүмкін. Сондықтан ауа райының құбылмалылығы бал жиналуына тікелей әсер етеді.
Мемлекет субсидия бөледі
- Елімізде 2018 жылдан бері бал өндірісіне субсидия бөліне бастады. 2020 жылы мемлекет Шығыс Қазақстан облысында онаурызшылық жақсы дамыған деп, біздің өңірге субсидия бөлмеді. Биыл біздің облысқа 90 млн теңге көлемінде субсидия бөлінуі жоспарланған және әкімдіктен бізге субсидия алып, онаурызшылықты дамытқысы келетіндердің тізмін жасап жолдауға ұсыныс түсті. Өңірдегі онаурызшылардан сұрастыра келе қазіргі таңда 137 млн теңгеге ұсыныс дайын тұр, - деді Онаурызшылар палатынысының ШҚО бойынша төрағасы Генадий Каллер.Субсидия берілгенде бір ара ұясына 5000 теңгеден бөлінеді. Алайда бұл жердегі проблема жыл өтсе де, шығындар көбейсе де 5000 теңгенің көлемі өзгермейді екен.
- Алғаш рет субсидия бөлінген кезде субсидия көлемін 5 мың теңге емес, айлық есептік көрсеткішке бекіткенде, бұл сома жыл сайын өзгеріп, өсіп отырар еді. Ал жыл сайын тауар айналымындағы бағалар көтеріледі, онаурызшы-лардың шығыны да азаймайды. Бірақ субсидияға берілетін ақша көлемі өзгермейді, - деп қосты Генадий Александрович.Айта кету керек, онаурызшылық саласының дамуына бөлінетін субсидияға қыркүйек айының 20-сынан бастап өтінімдер қабылданады.
"Аралар апокалипсі"