Өскемен
Қалың бұлтты
-16°
  • Өскемен
    -16°
  • Семей
    -12°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    +2°
  • Атырау
    +1°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -12°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +5°
  • Түркістан
    +14°
  • Орал
    -4°
  • Шымкент
    +12°
$
496
588.01
¥
71.8
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Бюджеттен қаржы қарастырылмаса да, Семей көшелері жөнделмек

Семей қаласының сол жағалауындағы маңызды көлік артериясы саналатын көлік қозғалысы көп көшелерінің бірі - Әуезов даңғылы. Бұл көшедегі жолдың сапасы сын көтермейді, сол себепті қала тұрғындары жиі шағым білдіреді

Биылғы бюджетте аталмыш жолдарды жөндеу қарастырылмаған. Алайда облыс әкімінің қолдауының арқасында даңғылды орташа жөндеу бойынша жобаны іске асыру басталды. 
- Әуезов даңғылынан бөлек, биыл Жаңа Семей аймағындағы тағы бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ең алдымен жағдайы өте нашар Молдағалиев көшесі жөнделеді. Соның нәтижесінде біз көлік жүктемесі өте көп Әуезов даңғылын және басқа да көшелердегі қозғалысты айтарлықтай жеңілдете аламыз, сонымен қатар бұл көше жол көпіріне жылдам апаратын қысқа жолға айналады, - деп мәлімдеді Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған қоса, аталған екі көшені байланыстыратын шағын көшелер де жөнделетін болады. Жол жөндеумен қатар, абаттандыру жұмыстары да қоса жасалады.
- Келесі жылға арналған жұмыстардың көлемі де белгілі. Қазан айына дейін бірқатар жұмыстарды аяқтауымыз керек, атап айтқанда 22 көшеде топырақ төгу және көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Тағы 8 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Басым көпшілігі жолаушылар тасымалдайтын автобус жүретін көшелер, - деп қосты баспасөз қызметінде.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Семей Жол жөндеу