Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да коронавирустың "дельта" штаммының қауіптілігі жөнінде айтылды

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда коронавирус ауруының таралу қарқыны  өсуде. ШҚО санитарлық дәрігерінің пікірінше, бұл бүкіл Қазақстан аумағында үнді "дельтасының" айналымымен байланысты

Брифинг барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков үнді штаммының қауіпті екенін түсіндірді. Оның айтуынша, COVID-19-дың бұл нұсқасы агрессивті әрекет етіп, көбінесе орташа ауыр және ауыр түрінде болады. Ол сондай-ақ жоғары таралу жылдамдығымен және өкпе жасушаларына бірден әсер ету қабілетімен сипатталады.
- Бізге аурудың ауырлығы орташа дәрежедегі науқастар келіп түскенде, біз оларды тексереміз. Бірнеше күн өткен соң өкпенің зақымдануы 70-90 пайызға дейін жетеді, – деп атап өтті Ермек Омарбеков.
Бірақ қиын эпидемиологиялық жағдайдан шығудың жолы бар. Жағдайдың тұрақтылығына тек карантин шараларын сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Бұл туралы брифинг барысында ШҚО санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиев айтты.
- Біз бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты, жеке гигиенаны қатаң сақтауымыз керек. Сонымен қатар отбасылық мерекелер мен адамдар көп шоғырланатын басқа да іс-шаралардан аулақ болуымыз керек. Әрине, вакцина аурудың асқынып кетпеуінен қорғайды. Мен өзім вакцинацияны коронавирустан қорғау әдісі ретінде мойындамай, түн ортасында  қоңырау шалып, ауруханаға жатқызуды сұраған таныстарымды білемін. Сондықтан, әркімнің өз басынан өтпейінше ешкім де сенбейді, - деді ШҚО санитарлық дәрігері.
Следующая →