Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Көкпекті ауданында су құбырларын жөндеп жатыр

Ауыл халқы үшін аса маңызды болып отырған таза ауыз су мәселесі кейінгі жылдары өңірімізде оңтайлы шешімін тауып келеді

Мәселен, "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы аясында Көкпекті ауданының 11 елді мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы жүзеге асырылуда. Солардың бірі - халық көп шоғырланған Үлкенбөкен ауылы.

Аудан әкімдігі мәлімдегендей, ауылда тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Су құбыры желісінің бас нысаны - ұңғымалар ауыл шетінде орналасқан. Бұл жерде әрқайсының сыйымдылығы 150 текше метрді құрайтын екі су жинағыш-резервуары, су сору станциясы салынып, жұмысқа дайын тұр. Қазіргі уақытта екінші құдықты қазу жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.
- Құрылысқа бір мезетте сегіз арнайы техника және 25 адам күші жұмылдырылған. Жұмысшылардың көбі жергілікті тұрғындар. Орташа есеппен 150 мың теңге айлық алады. Жұмыс барысында халықтың ескертулері мен өтініштерін бірінші кезекте назарда ұстап отырмыз. Жоба іске қосылғаннан кейін 3 жылға дейін кепілдік бойын-
ша қызмет көрсетеміз, - дейді "СМУ Шығыс" мердігер ұйымының өкілі Дулат Секенұлы.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Көкпекті Су құбыры