Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жоғалған 18 жастағы жігіт іздестірілуде

Сырым Айткалиев 2003 жылы туған, Гагарин бульвары көшесіндкгі үйден шыққаннан бері ол туралы және оның қайда екендігі туралы әлі күнге дейін ешқандай ақпарат жоқ

Жас жігітті әпкесі іздеп жатыр, ол полицейлердіәң көмегіне де жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Соңғы рет жігітті 1 тамызда 13.00-де Гагарин бульвары, 6/2 үйден шыққан кезде көрген. Өскемен қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізуде, бірақ Сырым Айтқалиевтің қайда екендігі әзірге белгісіз. Алайда, жас жігіт соңғы рет 2 тамызда сағат 00.18-де байланысқа шыққан.

Жас жігіттің заттары мен қосалқы киімдері, атап айтқанда құжаттары мен кроссовкалары, сондай-ақ телефоны бар сөмкесі судың жағасынан табылғаннан кейін оның жоғалғаны туралы арыз жазылды.

Жоғалған күні жігіт қара футболка мен қара шорты киген.

Ерекше белгілері: бойы аласа - 160-165 см, дене бітімі спортқа бейім келген, шашы қара, көздері қоңыр.

Сырымның қазір қайда екенін білетін және қандай да бір ақпарат білетін жандардан 8-747-717-09-19, 8-700-653-86-55, 8-705-761-45-91 немесе 102 нөмірлері бойынша қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.
 
Следующая →