ШҚО-да 500 км иесіз электр беру желілері сенімді басқаруға беріледі
Өңір әкімдігі жарты мың шақырым иесіз электр беру желілерінің құжаттамасын қалпына келтіріп, оларды облыстық энергетикалық компанияның сенімгерлік басқаруына береді
ШҚО әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі мәселелерін шешудің кешенді жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жаңа және ескі электр желілерін төсеу және реконструкциялау бойынша жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізуде. Тексеру ең алдымен елді мекендердің тыныс-тіршілігіне байланысты желілерде жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыс әкімінің айтуынша, қалған иесіз желілерге арналған құжаттама оларды қалпына келтіру құнын есептеумен қатар дайындалатын болады.
Следующая →
- Сонымен қатар өңірде иесіз желілердің болашағы шешілуде. Қазір олардың саны 530 шақырымнан асады, - деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңір әкімдігі 494-ін облыстық энергетикалық компанияға сенімгерлік басқаруға беру үшін заңды базаны ретке келтірді.
Облыс әкімінің айтуынша, қалған иесіз желілерге арналған құжаттама оларды қалпына келтіру құнын есептеумен қатар дайындалатын болады.