Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Бір өңір Қазақстандағы COVID-19 бойынша "қызыл" аймақтан шықты

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 5 480 094 адам, екінші компонентін - 3 941 941 адам алды

COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК 3 тамыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймаққа Түркістан облысы кірді.

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 мың 481 жағдайы тіркелді (пандемия кезінде барлығы 595 мың 433). 110 науқас қайтыс болды (барлығы 6 мың 153), 6 мың 153 қазақстандық коронавирустан емделді (барлығы 489 мың 135).

Сондай-ақ, елімізде бір тәулік ішінде коронавирустық пневмониямен сырқаттанушылықтың 46 жағдайы анықталды (2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы 61 мың 301). 16 адам қайтыс болды (барлығы 3 мың 756).

3 тамызда КВИ-дан 102 839 адам (100 145 КВИ+ және 2 694 КВИ-) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:

стационарларда - 29 138 науқас жатыр,
амбулаториялық деңгейде - 73 701 науқас.
КВИ+ және КВИ- мен ауырғандардың ішінде:
ауыр халде - 1 707 науқас,
аса ауыр дәрежедегі жағдайда - 395 науқас,
ӨЖЖ аппаратында - 197 науқас.
 
Следующая →