Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Мас күйінде көлік жүргізген әкімдік қызметкері жұмыстан шеттетілді

11 шілде жексенбіде әйелді куәгерлер бейнежазбаға түсіріп алған. Бенежазба авторының айтуынша мас күйінде көлік басқарған

Бейнежазбада халықты вакцинациялауға арналған жылжымалы пункттің дұрыс жұмыс істемей, медицина қызметкерлерінің маскалық режимді сақтамағандықтан оқиға орнына қалалық әкімдіктің қызметкері Индира Қалжабаева келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Артынша белгілі болғандай, 11 шілдеде полиция қызметкерлері Карбышев көшесінің бойынан "HYUNDAI ACCENT" маркалы көлікті мас күйінде тізгіндеген 54 жастағы жүргізушіні тоқтатқан.
 - Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, оның санкциялары жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс сотқа жіберілді, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері тиісті шешім қабылдау үшін видеодан көрсетілген Өскемен қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жіберілетін маскалық режимін бұзған тұлғаларға қатысты материалдар жинады.

Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізуді бастады. Полиция басқармасынан материалдар келіп түскеннен кейін қала әкімдігі болған оқиға фактісі бойынша және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша қызметтік тергеп-тексеруді жүзеге асыратын болады.
-  Барлық іс-шаралар аяқталғанға дейін Индира Қалжабаева жұмыстан шеттетілді, - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Следующая →