Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы бұл күндегі маңызды оқиғалар туралы баяндайды

Ақпарат sputnik.kz сайтының материалдары негізінде дайындалды. 

Қандай қызықты оқиға болды?

  Бүгін кәсіби мереке – Бүкіләлемдік азаматтық авиация бортсерігі күні аталып өтеді. Стюард немесе стюардесса мамандығының пайда болғанына сексен жылдан асты. Кейбір деректерге сүйенсек, 1928 жылы Германияда алғаш рет ұшақ бортында жолаушылардың қауіпсіздігі мен сервиске жауапты адам бекітілген. Бастапқыда бортсеріктің міндетін ер адамдар – қымбат мейрамханалардың даяшылары атқарған екен. Ал 1930 жылы АҚШ әуедегі жұмысқа сүйкімді қыздарды да тартуды ұйғарыпты. Оның үстіне қыздардың салмағы да жеңіл, бұл сол кездегі ұшақтар үшін өте маңызды еді.

Сондай-ақ, бүгін – Бүкіләлемдік фотографтар күні. Бұл дата француз суретшісі Луи Дагердің есімімен байланысты. Ол 1839 жылы Париждегі суретшілер академиясында суретке түсірудің жаңа әдісін көрсеткен болатын. Сондықтан осы күн фотографтардың төл мерекесі ретінде аталып жүр. "Фотография" термині де 1839 жылы пайда болған, оны екі астроном – ағылшын Джон Гершель мен неміс Иоганн фон Медлер біруақытта қолданыпты. Тарихқа көз жүгіртсек, Ұлыбритания ханшайымы Виктория мен күйеуі ханзада Альберт фото түсіру ісіне қатты әуес болған.

Бұл күні кәсіби фотографтар мен әуесқойлар түрлі шеберлік сағаты мен ашық сабақтарға қатысып, тәжірибелерімен бөліседі, ақыл-кеңесін айтады. Бұдан бөлек, көрмелерге барып, фотоаппараттар мен жарық жабдықтарының жаңа үлгілерін сынап көруге мүмкіндік алады.

Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1838 жылы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтерілісшілер қолы Ақбұлақ пен Қиыл аралығындағы шайқаста Гекке әскерінен жеңіліс табады. Осы шайқаста Исатай қаза тапты;
1924 жылы Орта Азияда ұлттық шекара бөлінісі аяқталды. Қазақ АКСР-нің астанасы Орынбордан Ақмешітке (кейін Қызылорда деп аталды) көшірілді;
1925 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құрылды;
1993 жылы Алматыда ТҮРКСОЙ Халықаралық мәдени ұйымы құрылды;
2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінің ғимаратына генерал-майор Балғабай Байжігітовті еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды;
2014 жылы Павлодарда әйгілі Батыр Баянға арналған ескерткіш ашылды;
2015 жылы Санкт-Петерборда Кенесарының мәйітін іздеу және тарихи Отанына қайтару туралы қоғамдық қозғалыс құрылды.

Қазақстанда бұл күні кімдер дүниеге келді? 

1926 жылы музыка зерттеушісі, педагог, домбырашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі Хабидолла Тастанов дүниеге келді

1962 жылы театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Райхан Қалиолдина туды. 

Следующая →