Облыста 200-ге жуық бала артық салмақпен күресуде
Қазақстанда артық салмақ пен семіздіктен зардап шегіп отырған балалар саны өсуде. Неге?
Артық салмақ кез келген жастағы адамға ауыртпалық әкеледі. Семіздік мәселесінің маңыздылығы жылдан жылға артып келеді. Артық салмақ және онымен байланыс-
ты асқынулар ересектерде ғана емес, балаларда да жиі кездеседі. Жыл сайын балалар арасындағы семіздік жағдайларының саны артып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде әрбір оныншы баланың бойында артық салмағы болса, АҚШ-та әрбір бесінші бала артық салмақпен күресуде. Бұл мәселе біздің елімізде де бар. ЮНИСЕФ-тің ақпараты бойынша, Қазақстанда 9 жастағы әрбір бесінші баланың бойында, 5 жасқа дейінгі әрбір оныншы баланың артық салмағы немесе семіздігі бар. Алайда облыстық Денсаулық басқармасының ақпаратына сүйенсек, 2016 жылы артық салмақпен 14 жасқа дейін 530 бала есепте тұрса, 2020 жылы артық салмағы бар балалардың тізімінде 189 бала ғана қалған.
Балалардың семіздігінің тағы да бірнеше себебі бар. Олардың ішіне физикалық белсенділіктің болмауы, тұқым қуалаушылық, зат алмасудың бұзылуы, эндокриндік патология (гипотиреоз, бүйрек үсті безінің гормондарының артық болуы), күннің дұрыс емес режимі, ұйқының болмауы, ұзақ уақыт бойы кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау (гормоналды препараттар, антидепрессанттар), генетикалық ауытқулар және тағы басқасы бар.
Балалардың дұрыс тамақтанбауы олардың денсаулығына, үлгеріміне және көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді.
РМҒА мәліметтері бойынша семіздіктің 80% жағдайы - тағамды артық тұтыну және жоғары калориялы өнімдерді пайдаланудан болады. Бұдан бөлек, тамақтану тәртібінің бұзылуы, ұйқының дұрыс болмауы, кешке молынан тойғанынша тамақ жеу де артық салмақтың жиналуына себепкер.
Дәрігерлер, нутрицолог мамандардың барлығы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын алға тартады. Оны сақтамаудың арты адамның ажалына айналуы мүмкін екен.
Следующая →

- Көптеген жағдайларда балалардың артық салмақ қосуы 1-сыныптан кейін басталады, ал жыныстық жетілу кезеңінде (өтпелі жас) 9-14 жастан бастап балаларда салмақ қосу жиі байқалады. Мұның себебі - оңай сіңетін көмірсулар мен бақыланбайтын гиподинамия, яғни экзогендік фактор. Генетикалық аурулар мен эндокриндік бұзылулардың салдарынан салмақтың өсуі, аз пайыз болса да, көрсеткіш болып табылады. 2020 жылдың соңында эндокриндік аурулармен, тамақтанудың және зат алмасудың бұзылуымен диспансерлік есепте барлығы 14 жасқа дейінгі 1510 бала және 902 жасөспірім тұрды. 2020 жылдың соңында ас қорыту органдарының ауруларымен барлығы 14 жасқа дейінгі 770 бала және 17827 жасөспірім диспансерлік есепте тұрды, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы.
Ішің ауырса - аузыңды тый
- Балам балиғат жасына келгенде баспалдақпен көтерілу, жүгіру ол үшін күрделі процеске айнала бастады. Жүрегі дүрсілдеп, тершең бола түсті. Сол кезде мен оны бірден эндокринолог маманына апардым. Анализдер тапсырдық, артық салмақ баламның физикалық жай-күйіне ғана емес, дамуына да кері әсерін тигізе бастапты. Денесіндегі майлардың көп болуы оның бойында әйелдерге тән гормондарды көбірек бөле бастаған. Жағдайымыз тым мүшкіл болғандықтан, дәрігер бізге дәрі жазып берді. Жарты жылдай ішіп, гормондарды қалпына келтіргендей болық, -Дәрігерлер бала семіздігінің негізгі себебі тағаммен артық калория қабылдаудан болады дейді. Кішкентай бүлдіршіннің аузына қаласа да, қаламаса да, "жей ғой, тойып же" деп тықпалайтын ата-ананың шектен тыс мейірімінің арты бала денсаулығының нашарлауына әкеледі. Қазіргі кезде дүкен сөрелеріндегі көздің жауын алатын түрлі тәтті-дәмділердің барлығы бірдей пайдалы емес. Тіпті, олардың адам ағзасына зияны көп деп айтуға болады. Табиғилықтан алшақ өнімдер адам денсаулығына кері әсерін де көп тигізеді.
дейді қала тұрғыны Мадина Серікова.
Балалардың семіздігінің тағы да бірнеше себебі бар. Олардың ішіне физикалық белсенділіктің болмауы, тұқым қуалаушылық, зат алмасудың бұзылуы, эндокриндік патология (гипотиреоз, бүйрек үсті безінің гормондарының артық болуы), күннің дұрыс емес режимі, ұйқының болмауы, ұзақ уақыт бойы кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау (гормоналды препараттар, антидепрессанттар), генетикалық ауытқулар және тағы басқасы бар.
- Балаларда және жасөспірімдерде артық салмақтың болуы, жүрек-қан тамыр ауруларына, асқазан ішек жолдары ауруларына, эндокринді жүйе ауруларына, тірек-қимыл жүйесінің ауруларына, психикалық ауруларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, болашақта ер және әйел ағзасындағы белсіздік пен бедеулікке әкелуі мүмкін, - деп қосты Думан Берікұлы.Өскемен қаласындағы білікті эндокринолог Қуат Кудербаев та артық салмақ адам денсаулығының қас жауы екенін алға тартады.
- Артық салмақпен қатар ағзаның түрлі аурулары қатар жүреді. Сондықтан артық салмақты жинап, онымен күрескеннен гөрі бастапқыдан-ақ, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Себебі адам бойында пайда болған ауру ешқашан түп тамырымен жойылмайды, созылыңқы түрде өмір бойы адамның мазасын алып тұрады, - деп түсіндірді Қуат Самарханұлы.Баланың бойындағы артық салмақты дене массасының индексі арқылы анықтауға болады. Бұл ашық ақпарат көздерінде бар. Кез келген ата-ана баласының бойы мен салмағының қатынасын салыстырып, баласының бойындағы артық салмақтың дәрежесін анықтай алады.
- Артық салмақ ересек адамда да, балада да кездесетін проблема. Артық салмақтың артынан туындайтын аурулар да екеуінде бірдей. Алайда баланың жыныстық жетілуі кезінде артық салмақтың болуы оның осы тұрғыдан жетілуіне кедергі келтіруі мүмкін, - деп қосты эндокринолог дәрігер.Артық салмағы бар баланың ата-анасы кәмелеттік жасқа жеткенше баланың дұрыс тамақтануына мән беруі керек. Бұл кезде ешқандай дәрі-дәрмектің қажеті жоқ. Ал егер 18 жастан асқан соң да, артық салмақтың азабын тартатын болса, онда білікті мамандар анализдер жасай отырып, қажетті ем-дом жасайды.
Себебі мен салдары қандай?
Балалардың дұрыс тамақтанбауы олардың денсаулығына, үлгеріміне және көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді.
- Біздің заманымызда әлем халқының 60%-ы артық салмақтың зардабын көріп отыр. Бұл ғылыми дәлелденген фактор. 2019 жылы ер адамдардың семіздігі 37%-ға, әйелдердің семіздігі 40%-ға, балалардікі 50%-ға өскен. Алайда бір жыл бойы болған карантиндік шаралар бұл көрсеткіштерді 70%-ға дейін көтеріп жіберді. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншісі, балалар үйден оқығандықтан, олардың қозғалысы аз болды, гаджеттердің көмегімен білім аламыз деп, балалар бір орында отырды. Екіншісі, дұрыс тамақтанбау, яғни, не бала түк жемей жүре берді, не болмаса жүріп-жүріп тамақтанды. Балалар өздігінен дұрыс тамақты таңдай алмайды, бірақ ата-анасы берген нәрсені жейді. Сондықтан ата-ана баласының не жеп жүргеніне мән беруі керек. Себебі қазіргі заманда тамақтың алуан түрлілігі көздің жауын алады, бірақ көбінің сапасы нашар, дәрумендердің құндылығы жоқ, - деді дұрыс тамақтану бойынша кеңесші Маржан Тұрарова.Бала денсаулығының тағы бір жауы ретінде Маржан Ерболқызы жарнаманы атап отыр. Бала қызылды-жасылды қораптарға, көзі көрген нәрселерге қызығады. Ал ата-ана оның зиянына қарамастан баласының қалауын қанағаттандыру үшін адам ағзасына пайдасы жоқ нәрсені әпереді. Сапасыз тағамдар баланың бойындағы семіздікті дамытады.
РМҒА мәліметтері бойынша семіздіктің 80% жағдайы - тағамды артық тұтыну және жоғары калориялы өнімдерді пайдаланудан болады. Бұдан бөлек, тамақтану тәртібінің бұзылуы, ұйқының дұрыс болмауы, кешке молынан тойғанынша тамақ жеу де артық салмақтың жиналуына себепкер.
Дәрігерлер, нутрицолог мамандардың барлығы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын алға тартады. Оны сақтамаудың арты адамның ажалына айналуы мүмкін екен.
- Егер семіздіктің өсу тенденциясы жалғасып, балалардың ағзасы пайдалы қоректік заттарды алмай жүре беретін болса, 2050 жылы дүниеге келген балалар кейінірек туылған сәбилерге қарағанда аз өмір сүреді деп болжауға болады, ал семіздік адам өлімінің екі негізгі себептерінің бірі болады. Балалардың дұрыс тамақтанбауы қоғамның әлеуетін шектейді. Сондықтан ерте жастағы балалардың тамақтануын жақсарту денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру қызметінің бірінші кезектегі міндеті болып табылады және тұтастай алғанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қаралады, - дейді ЮНИСЕФ-тің Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі үйлестірушісі Қанат Суханбердиев.