Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қасым-Жомарт Тоқаев аса күрделі кезеңде Токиода жағылатын Олимпиада алауы бүкіл адамзат үшін жаһандық індетпен күрестің символы болатынын айтты
- Сіздер халықаралық деңгейдегі өздеріңіздің көшбасшылық орындарыңызды нығайту үшін нағыз чемпионға тән мінез көрсетіп, Олимпиада лицензиясын иелендіңіздер. Осындай қиын-қыстау жағдайда сіздер спорттың өзін-өзі шектейтін қатаң режимін сақтап, өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент қазақстандықтардың Олимпиада ойындары барысында біздің спортшыларға көрсететін күшті қолдауы оларға қосымша рух беретініне сенім білдірді.
- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Олимпиада тұғырына көтерілу сіздердің ғана жетістіктеріңіз емес, бүкіл ұлтымыздың абыройы. Олимпиада шыңы мыңдаған жасты спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және көздеген мақсаттарына жетуге шабыттандырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың Токиода рекордтық нәтижелер көрсететініне, еліміздің әлемдегі жетекші спорт державаларының арасындағы беделін нығайтатынына сенім білдірді. Президенттің айтуынша, атлеттердің әрбір жеңісінің артында, көбінесе назардан, камералардан тыс қалатын, олардың жаттықтырушыларының қажырлы еңбегі тұр.