Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
528.31
-2.16
608.35
-5.40
¥
74.19
-0.38
6.55
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Әскери психологтардың оқу-әдістемелік жиыны өтті

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз және Үшарал гарнизондарының әскери психологтары бас қосты

Мамандардың өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттыруға бағытталған іс-шара Аягөз гарнизонының танк бригадасында ұйымдастырылды.

Негізгі мақсат – әскери бөлім психологтарының күнделікті қызметі мен әдістерін жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл психологиялық көмекті ұйымдастыру болып табылады.

- Жиын барысында әскери бөлімдердің әлеуметтік-психологиялық жұмысын ұйымдастыру, жас сарбаздарды әскери өмірге бейімдеу, келеңсіз оқиғаларды болдырмау және одан шығу жолдары айтылды, - деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.
  
Сонымен қатар, мамандар білімдерін ортаға салып, біліктіліктерін арттыру мақсатында өзара тренингтер мен сабақтар өткізіп, тәжірибе алмасты.

17cde4eb-f654-4e7c-a877-499d54441ac8.jpg
 
Айта кетейік, бүгінгі таңда әскери психологтардың әскердегі жұмысының негізгі бағыттарының бірі жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын, беріктігін сақтау, нығайту және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға психологиялық дайындық деңгейін арттыру болып табылады. 

- Осындай іс-шаралар әскери психологтардың ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік дайындығын жетілдіру мен қалыптастыру үшін жыл сайын өтеді. Мұндай бас қосулар мамандардың біліктіліктерін арттырып, тәжірибелерін толықтыра түсуге септігін тигізеді, - деді жиынға басшылық жасаған танк әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Сералиев.

Следующая →