Семей қаласының әкімі ауысты
Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттардың келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Семей қаласының жаңа әкімін тағайындады
Қала басшысы 2019 жылдың сәуір айынан бастап ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытжан Байахметов болды, деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметов 1970 жылы 29 тамызда Аягөз қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығын электрлендіру, инженер-электрик" мамандығы бойынша, 2008 жылы Орталық Азия университетін "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы инженер болып бастаған. Кейін "ШҚ АЭК" ЖАҚ өткізу тобының басшысы, аға диспетчер, Аягөз Релелік электр желілерінің бастығы болып жұмыс істеді.
2005-2008 жылдары – Аягөз ауданы әкімінің орынбасары.
2009-2010 жылдары – Өскемен қаласының құрылыс бөлімі бастығы.
2010-2019 жылдары – Аягөз қаласының әкімі, Ұлан ауданының әкімі және Аягөз ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.
2019 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
Следующая →