Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!

«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы». Н.Ә. Назарбаев.

Усть-Каменогорск и ВКО / В Глубоком прошло торжественное собрание в честь Дня Независимости РК
Фото:
Алдаспан
15 желтоқсанда Глубокое ауданының тұрғындары Тәуелсіздік күнін мерекелік концертпен атап өтті. Ұлық мереке - Тәуелсіздік күніне орай, Балалар шығармашылық үйіне жиналғандарға «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.  

Тәуелсіздік – асыл мұрамыз, баға жетпес байлығымыз, бақытымыз. Ол - ең басты құндылығымыз. Бұл күн сан ғасырлар бойы армандап жеткен, халықтың орындалған арманы. 
Сахна төріне мемлекеттік ту әкелініп, әнұранымыз шырқалды. 
Еліміздің мерейлі мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған концертті тамашалауға жиналғандарды аудан әкімі Арман Ілиясұлы Бекбосынов құттықтады. 

Салтанатты марапаттау рәсімінде бірқатар сала басшыларына Глубокое ауданының 50-жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табыс етілді. «Мейірімді жүрек» төсбелгілермен - Селиванов Григорий Алексеевич, Дель Алексей Егорович, Кошелев Владимир Леонидович, Сиванбаева Эльгиза Каликанқызы, Тумашинов Лукбек Шабданович, Елфимов Илья Васильевич, Цыбенко Людмила Петровна, Рассказова Ирина Александровна марапатталды. 

Сондай-ақ, бұл мерекелі күні еліміздің және ауданымыздың дамуы мен гүлденуіне сүбелі үлес қосып жүрген түрлі сала басшылары мен қызметкерлеріне аудан әкімінің мақтау қағаздары табыс етілді. Ал білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен О. Бөкей атындағы орта мектеп директоры Досқалиева Сәуле Жуандыққызы және №1 Белоусовка орта мектебінің директоры Карибаева Мархаббат Камельханқызы марапатталды. 
«Парыз Абырой Отан» естелік медальдарына «ОХМК» ЖШС директоры Ахмадиев Ришат Канетұлы, «Семена масличных» шаруа қожалығының басшысы Цыбенко Людмила Петровна, «Меир» ЖШС директоры Козлов Леонид Владимирович ие болды.

Сонымен қатар, Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауында жүлделі орындарға ие болған О. Бөкей ат. орта мектеп оқушылары -  Жанболат Жанарбекқызы және Аяулым Халеловаға аудан әкімі Арман Ілиясұлы өз қолымен сый-сияпат табыстады. 

Атаулы мерекеге әзірленген концерттік бағдарламада әсем әуезді әндер шырқап, билер билеген ауданымыздың өнерлі жастары мен ұжымдары жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады. Халықтың көңілінен шыға білген жезтаңдай әншілер Нұрақов Жандос, Еркебулан Жаннат, Шаянбаев Нұрбол, Дәулет Қабдоллаев, «Әжелер» және «Достар» вокалдық топтары, Сұлтанғазин Алинұр көрермендердің көңілінен шықты. Мерекеге арнайы шақырылған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрғожина Альмира және жезтаңдай әнші, талант иесі Айдар Алтай жиналған қауымның зор қошеметіне бөленді. 

Ән мен күй әлемінің айдынында тербеген салтанатты жиын өз мәресіне жетіп, рухани түлеп, риза болған жұрт жақсы көңіл-күймен тарқасты. 
Следующая →