Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Глубокоелықтар қолжетімді баспананың шапағатын көруде

Тәуелсіздік күніне орай Глубокое кентінің тұрғындарына үлкен сый жасалды. Дағдарысқа қарамастан елімізде тұрғын үймен қамту жұмыстарына жіті көңіл бөлініп, барынша қолдау көрсетілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / В Глубоком сто семей стали новоселами
Фото:
Алдаспан
Оның жарқын дәлелі «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасы аясында құрылысы 2014 жылдың мамыр айында басталған 100 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Тұрғын үй құрылысын қолға алған мердігер компания - «Себанур» ЖШС девальвацияға қарамастан бір жарым жылдың ішінде 574 609 710 теңгені толықтай игере отырып, құрылыс жұмысын мерзімінде аяқтаған. Глубокое ауданында соңғы 20 жылда алғаш бой көтерген тұрғын үй негізінен бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерден тұрады. Бір бөлмелі пәтер 43, екі бөлмелі пәтер 63 және үш бөлмелі пәтер 80 шаршы метрді құрайды. 

Мереке күні баспаналы болып, пәтер кілтін алғандардың арасында түрлі санаттағы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары, мемлекеттік қызметшілер, жас маман және баспанасы апатты деп танылған азаматтар. 

Салтанатты шарада сөз алған «Себанур» ЖШС директоры Сужанов Данияр Жұмағұлұлы баспанаға ие болғандарды қуаныштарымен құттықтай отырып, жиырма төртінші рет тойланып отырған Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. 
- Бүкіл әлемді шарпып отырған экономикалық дағдарысқа қарамастан елімізде «Қолжетімді баспана–2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгін біз Елбасының, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысының нақты іске асырылып жатқанына куә болып отырмыз. Бұл – бағдарлама тұрғындардың, әсіресе, аз қамтылған азаматтар мен жас отбасыларының баспанаға деген сұранысын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Глубокое ауданы үшін табысты болған қой жылында жаңа екі мектеп пен 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қолданысқа берілді. Кезекте тұрған 500 тұрғынның 100 ғана баспанаға ие болды. Ендігі кезекте өзге де кезек күткен глубокоелықтардың тілегін жүзеге асыру. Қоныстарыңыз құтты болып, шаңырақтарыңызға шаттық орнасын! – деді аудан басшысы Арман Бекбосынов. 

Тұрғындарға пәтер кілттерін аудан әкімі Бекбосынов Арман Ілиясұлы және құрылыс саласының ардагері Миллер Александр Самауилович табыстады. 

Баспаналы болған көпбалалы ана Матаева Лина Айтқұмарқызы көзіне жас алып, өзі секілді баспанасыз жүргендердің үйлі болғанына Елбасына, жергілікті басшылыққа риясыз алғысын жеткізді. 

- Мен, балалар үйінен оралғаннан кейін бұл пәтерді 8 жыл тостым, ержетіп келе жатқан екі баламның бағына орай, кең, жарық үш бөлмелі пәтерге ие болдым - деді Наталья Шпилькина. 
Бір күнде 100 отбасы баспаналы болып, мерейі артқан жаңа қоныс иелері пәтерлерін көріп, жүректеріне қуаныш ұялағаны хақ.
Следующая →
Тақырыптар: ВКО Кватиры Получение