ШҚО-да жұма күні ауа райы жайсыз болады деп күтілуде
"Қазгидромет" РМК облыстық филиалының синоптиктері болжағандай, 25 маусымда облыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін
Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД тұрғындарға өте мұқият болуды ескертеді.
Следующая →
ШҚО ТЖД тұрғындарға өте мұқият болуды ескертеді.
- Күн күнкереген кезінде найзағай түсуі басты қауіп, - дейді мамандар. - Терезелерді, есіктерді, түтін құбырларын және желдеткіш саңылауларды жабыңыз. Пеш жағуға болмайды. Өйткені мұржадан шығатын жоғары температуралы газдардың кедергісі төмен. Найзағай түскен кезде электр сымдарына, антеннаға жақындамаңыз. Терезенің жанында тұрмаңыз. Мүмкіндігінше теледидар, радио және басқа электр құрылғыларын өшіріңіз. Бұршақ жауған жағдайда үйден шықпай, мүмкіндігінше терезелерден аулақ болыңыз. Электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, өйткені бұршақ әдетте найзағаймен бірге жүреді. Сыртта болсаңыз жақын маңдағы ғимаратқа кіруге тырысыңыз. Көлікті көлікжайға қойыңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.