Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Биыл қалалық мектептерді жөндеуге 1,5 млдр қаржы бөлінген
- Бұл үлкен қаржы. Осы аталған қаржыға 42 мектепті қамту жоспарланып отыр. Барлық мектептердегі жөндеу жұмыстарын бақылап отырамыз. Біздің негізгі мақсатымыз 20 тамызға дейін барлық жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтап, қыркүйекте балаларды жөнделген, жаңа мектепте қарсы алу, - деді Жақсылық Омар.Сондай-ақ қазіргі уақытта оқушылардың кіріп-шығуын бақылап, білім ордасының ішіне бөгде адамдарды кіргізбеу үшін турникеттер орналып жатыр. Оқу жылы басталар уақытта барлық оқушыларға карталар таратылатын болады.
- Оқу жылының басталуына дейін балаларға карталар таратылатын болады. Сондай-ақ дабыл нүктесін де орнатып жатырмыз. Себебі қандайда бір төтенше жағдай болатын болса құқық қорғау органдарына жедел ақпарат түсіп отырады. Бұл жұмыстар да тамыздың аяғына дейін аяқталады, - деп түсіндірді қала басшысы.